Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Айнабала мен Кетпенбай айтысы (3-бөлім)

Айнабала, Кетпенбай · 3 мин оқу

(Ел сонда ду күлкіні қоя берді,
Кетпенбай айтысқанға тоя берді.
Сөз таппай сасқанынан терлеп-тепшіп,
Орнынан тұрып зорға тая берді).

Айнабала:

Айтыстым Кетпенбаймен бір-ақ апар,
Жігіті құрырында құдай атар.
Бармысың Кетпенбайдың жолдастары,
Зәңгіні аманында үйіне апар.
Секілді мінгендей бір қаһарына,
Сақшы әкеп елге оғын тасырлатар.

(Тағы да ел күлкіні қоя берді,
Кетпенбай айтысқанға тоя берді.
Жанданып Айнабала арт-артынан,
Бұшпақтап өлеңменен соя берді).

«Зәңгінің әлгі өлеңі бек қызық қой,
Жігіттер өз үйіне жеткізіп қой.
Жүрмесін есеңгіреп үйін таппай,
Суынан Белтоғанның өткізіп қой»

Зәңгі кетті артына қарамастан,
Бірде сөз қайтаруға жарамастан.
Тістеніп астыңғы ерні кете берді,
Айтысып сөзден кегін ала алмастан.

Сонымен зәңгі көңілін дат басады,
Әр сөзді арадағы ел ап қашады.
Сабауға бұл әйелді даярланып,
Бұзау тіс, жуан қамшы саптатады.

Бір күні әйелді кеп қатты ұрады,
Сақшыға ұрып алып шапқылады.
«Атымды қайтарып бер» деп те жатыр,
Әйелді түрмесіне жапқызады.

Зар жылап әйел жатты түрме ішінде,
Жем болып қандала мен бүргесіне.
Астында төсенерге бойра да жоқ,
Жатыпты сызды үйдің іргесінде.
Басында жалғыз кірпіш жастағаны,
Екі күн тамақ бермей аш қамады.

Кеудеден жан шықпаса жатады екен,
Бірнеше ай сұрақ қылмай тастағаны.

Шалы қалды үйінде өлімші боп,
Оған жәрдем берердей ел күші жоқ.
Күйзеліп елді кезіп жан бағып жүр,
Амал не қарап жатып өлгісі жоқ.

Түрмеде күн батпайды, таң атпайды,
Күн-түні Айнабала зар қақсайды.
Қанқұйлы қаскүнемнің қолында тұр,
Кім барып бейшараны ардақтайды.

Зорлады оған кірпіш құясың деп,
Таң атпай орныңнан тұрасың деп.
Қасына бір қуыршақ сақшы қойды,
Дем алса мылтықпенен ұрасың деп.

Талай күн кірпіш құйды тәлтіректеп,
Күн бата жығылады әлсіреп кеп.
Тойып ішкен тамақ жоқ, демалыс жоқ,
Мұрнынан ағып жүрді қан дірдектеп.

Бетінің қамшы тиген жарасы бар,
Ішінде бес алты айлық баласы бар.
Қиналғаннан баласын тастай салды,
Қаншалық бейшараның шамасы бар?!

Бір күні алып кірді тергегелі,
Бейшара талып түсті тергеп еді.
Шалы жүр күңіреніп күйі кетіп,
Артынан кемпірінің іздемеді.

Ант етті Айнабала ат дауламасқа,
Арыз ғып үкіметке бауламасқа.
«Ат құрсын аман шықсам олжа» деді,
Еш амал болмаған соң одан басқа.

Тергеуден түрмеге әкеп салды құлпы,
Тіледі сау болғай деп елі-жұрты.
Тағдырдың бір жазғаны бар шығар деп,
Қайғыдан екі беті, солды ұрты.

Төңкеріс басталды да Нылқымыздан,
Жалғасып жатты жеңіс еткен арман.
Бір кезде безе қашты Шапшалдан да,
Күш кеткен, үміт өшкен сұм гоминдаң.

Айнабала өлмеді қайтіп келді,
Тартып кеткен азабын айтып келді.
Қалай да Кетпенбайды іздеп тауып,
Бел байлады кекке жан бәй тіккелі.

Кетпенбай безді үйінен қашқалақтап,
Ұйқы жоқ, тамақ ішпей сасқалақтап.
Қайда қашып кетуді ойластырып,
Жүрді ол күрең атын босқа баптап.

Сұрады бір күн ақыл жақсылықтан,
Шошыды ар-намысы тапшылықтан.
«Атыңды апарып бер, ғафу сұра,
Сонда аман қаласың бастырықтан.»

Кетпенбай ат жетелеп жетіп келді,
Ауылының кариясын да ертіп келді.
Қалпағын қолына алып басын иіп,
Мойындап қылмысына кеңкілдеді.

Қариялар жылы сөзбен сылай берді,
Қиылып Айнабала жылай берді.
Кетпенбай басын иіп тұрғаннан соң,
Толғанып ойлы сөзбен былай деді.

Ойлама оңай-оспақ қазағымды,
Аударды гоминдаңдай тажалыңды.
Жылаттың бір сорлыны шырқыратып,
Тартқызсам болар еді сазайыңды.

Адамдық арға қайтып басыңды идің,
Кешейін маған қылған азабыңды.
Қашан да қайда жүрсең ойланып жүр,
Тағдырдың қолыңдағы ажалыңды.
«Кезбе дәулет, кезекті дүние» деген,
Көрдім міне, күлдірген заманымды.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз