Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ерген мен Серуен айтысы (2-бөлім)

Ерген Ланханұлы, Серуен Әзімұлы · 2 мин оқу

Көк аспанның астына,
Діңгегімді әкеп тірегем.
Еркін ұшатын аспанға,
Түлегің едім түлеген.
Мына отырған елімнің,
Жүрегіне гүл егем.
Ақауыз ақын сен едім,
Азуын Айға білеген.
Көрмеге қойған ойыншықтай,
Шапаның түсіп тізеден,
Басыңды шайқап сөйлейсің,
Сиырға ұқсап сүзеген.
Жалсыз құлын секілді,
Шашыңды кім күзеген?!

Серуен:

Сен неге көрінесің айбат құсап,
Қолдағы құламайтын байрақ құсап.
Ей, Ерген, сен Цэнгэлде қылыш болсаң,
Мен сені өткізуші ем қайрақ құсап.
Желкілдеп жетегіме еріп кетпе,
Мұрнын тесіп жетелеген тайлақ құсап.
Ақыным дархандықты оң көрсеші,
Жаратқан бақытымды мол берсеші.
Бойымды сөз қыласың «кішкене» деп,
Өзіңе түймедей ғып ой берсеші.

Ерген:

Жаратқан бойды берген көркіме шақ,
Жоқты жонып табады алтын пышақ.
Ергенге айқайлаудың қажеті жоқ,
Келінін жақтырмаған кемпірге ұқсап.

Ойланыңыз, Серуен,
Айтыс та үлкен аламан.
Сол, аламанға келгенде,
Әртүрлі сөзге сала алам.
Тұлпар сен де келіпсің,
Таң асырып жараған.
Отты көзіңнен айналдым,
Қыздарға тіке қараған.
Өзіңдей сері жігітті,
Қай қыз төмен санаған.
Төмен санайтын себебі,
Ақылы қысқа баладан.
Айғыз-айғыз сойлейсің,
Баладай батпақ жалаған.
Таза сөйлеп үйренші,
Тұлпарға сені балағам.
Өлгейден білім ап жүрсің,
Ақылды туып анадан.
Жаратқан құдай сақтасын,
Сұқтанып айтқан табадан!

Бәйгеге сені қосайын,
Томағаңды сыпырып.
Түлкі көрген қырандай,
Кетіп жүрме құтырып.
Кұтырмау үшін, Сер-еке,
Сөзімді тыңда түсініп.
Иттік емес, өзіңе,
Жасап көрейін кісілік.
Қарға-қыран сен едің,
Көрейін сені ұшырып.
Ұшуға енді дайындал,
Денеңді жуып, ысынып.
Асығамын деп абайсыз,
Есігіне моншаның,
Қалып жүрме қысылып!

Серуен:

Көркем де жырды төгейік,
Бүгінгі мынау заманда.
Демеймін, бүгін ардақты ел,
Ақыныңды ойлап алаңда.
Көркем жырды төгіп түр,
Ергендей асыл балаң да.
Ерген, мен де кетейін,
Қалжың айтып саған да.
Моншаны айтса шошисың,
Моншаның есігіне қысылып,
Қалғаннан, мынау, аман ба?

Бұйралап шашыңызды қиып қойған,
Ақынсың ақыл-ойды жиып қойған.
Тегеурінді, ардақты ақын болсаң,
Білімді сөз шығарғын білікті ойдан.
Бет-ауызың помада боп қалыпты ғой,
Ергенжан, бетіңнен кім сүйіп қойған?
Ерген-ау, бетің сары, көзің шегір,
Немістерден аумайсың құйып қойған.

Ерген:

Қалжыңға алаңдайтын ұл қыз бе еді?
Ергенің ешбір қызга сүйгізбеді.
Әуелі, сүйгізгенді былай қойып,
Қыздардың ерінін де тигізбеді.

Серуен, биік самғап өрістеді,
Сөзіңіз жаңағы айтқан келіспеді.
Қолына домбыра алып шыққан ақын,
Серуен, өзің айтшы, неміс пе еді?..

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз