Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Анарқұл мен Тәушен айтысы (2-бөлім)

Анарқұл Құлманов, Тәушен Әбуова · 2 мин оқу

Жақынның сөз мәнісі жаласында,
Халқымның жүрсің, төрем арасында.
Мен-дағы Мырзашөлдің тұйғыны едім,
Ешкімнің көнбей жүрген жаласына.
Жарымы терме де емес, түсініп ал,
Тәушенді қосайын ба арасына?
Мен-дағы рулы елдің тұйғыны едім,
Дегендей сөз болады шамасына...

Шырағым, есің болса, жанасып айт,
Бірінші атаңызға қарасып айт.
Ақиқат пейілі тар адам болсаң,
Қасқырдай тоғайдағы таласып айт.

Халықтың өлең толсын шарасына,
Еш сызат түсірмейік жарасымға.
Үш жүздің баласы мұнда отыр,
Бар шығар уәкілдері арасында.
Өзіңді көрмек үшін келген едім,
Шүкір де, көзрді-ау көзім шамасында.

Тәушен:

Қайтейін, қосқаннан соң, қашқаным жоқ,
Сөзіңе әуен таппай сасқаным жоқ.
Шалмын деп өзің айтып отырсың ғой,
Әйтпесе мен ішіңді басқаным жоқ

Аға-еке, жарамасаң неге келдің,
Біреудің айтқанына неге көндің?
Сіз түгіл, аты шыққан ақындардың
Босағасын жақсылап шегеледім.

Қуанам сіздей аға табылғанға,
Посылка сап тұрарсыз сағынғанда.
Ағатай, өте зәрлі бір нәрсе бар,
Аулыңызда осы бір сабын бар ма?

Көп ойланып, кетті ғой, басым қатып,
Саудагер жүр ақшаны шатырлатып,
Магазиннен сабынды таппай жүрмін,
Магазинді алды ма кооператив?

Әу дедім, елім үшін жұртым үшін,
Жүргенім жоқ тек қана құлқын үшін.
Ашылмаған бұлақтың көзі ашылып,
Ашылғандай боп қалды бір тынысым.
Ағатай, қатарыма әзіл айтам,
Бүйірінен әйтеуір түрту үшін.
Ел намысын, ағатай, қорғап жүрмін.
Жүргенім жоқ шалдарды құрту үшін.

Жақсы ақын, аға-еке, тасымаған,
Не демекші бұл жерде осы маған?
Мені енді, ағатай, оңай деме,
Талай шалды бездірдім сахнадан.

Анарқұл:

Ал, Тәушен, қу екенсің тай секілді,
Сөзіңе айтып тұрған ой бекілді.
Қытығың қартайса да қалмағандай,
Теңдесің мен емеспін ол секілді.
Саламат, барған тойдан есен кел деп,
Кетуге сәлемдесіп ел бекінді.
Сөзіңді қия тартып быдырлайсың,
Бұл жердің парикмахер қызы секілді.

Сөзіңе қия тартқан жалынбаспын,
Өлгенше мына әйелге бағынбаспын.
Алғаным қасымда бар, ұйықтап жатар,
Шырағым, мал берсең де сағынбаспын.

Сарайдың ұстыны бар егесінде,
Құлақ сал, енді сөздің кеңесіне.
Бұл халық еркелетіп қойған екен,
Қойғандай бірақ ешкі текесіне.
Шырағым, көп ақынды сен құртқансың,
Айыбын баса беріп шекесіне.

Дүние мына тұрған ешкі салмақ.
Жақсы екен әр нәрсені қиялға алмақ.
Екеуміз айтыспастан бір сөз айтсам,
Көңіліңе тура келмей, ауыр алмақ.
Көпбайдың кешегі өткен иманына,
Оқыдым мен құранды бір саламат.
Кәнеки, ол секілді ел тұйғыны,
Артында сендей қалған бір қолқанат.
Ағаңның аруағын сыйламастан,
Сен болдың дүлдүл деген бір тұлпар ат.
Ескіден салт-сана қалып кеткен,
Бұрышта білмейді ме бұл жамағат.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз