Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Болман мен Желеу айтысы (3-бөлім)

Болман Қожабаев, Желеу Жақыпов · 3 мин оқу

Болман:

Әй, Желеу, жас бала едің білед деген,
Ер күшін еңбекпенен білектеген.
Айтқаны бұрынғының осы емес пе,
«Жығылған сүрінгенге күлет» деген.

Айтайын жұмысыңды сынап тағы,
Ақын да сөз аяғын ұзатпады.
Он жеті мың бас қойың былтыр өліп,
Сенделіп адамдарың бұлғақтады.

Тағы да айтып өтем мақта жағын,
Мақтамен сен де шырақ не ақтағаның.
Былтыр да борасынды толтыра алмай,
Осы ма маған әкеп сақтағаның.

Паш етем байлығымды алдарыңа,
Үлкен-кіші қыздар мен шалдарыңа.
Өтірік айтпа шырақ, жас басыңнан,
Топалаң келгені жоқ малдарыма.

Мінеки, осы отырған білер халық,
Кім кемін, кім артығын бәрін анық.
Шіркін-ай, сөз кезегі кейін қалды,
Толғанып домбыраны қолыма алып.
Созақтың былтырғы қыс жұтағанын,
Отырсыз өзіңіз-ақ мойныңа алып.
Бұл күнде үш жүз мыңға қойым жетті,
Қойым бар мыңғыраған егіз тауып.
Мен Болман, Жезқазған мен Қарағанды,
Жұрт жинап отыратын құрметпенен.

Сөйлесем таусылмайтын көмірімді,
Көмірім өркендеткен өмірімді.
Қарағым, жас та болсаң қатар болдың,
Сөзіңмен қалдырма өзің көңілімді.
Мен әлі айтқаным жоқ оннан бірін,
Шалқыған, қайнап аққан теңізімді.

Ал енді кезек бердім өз басыңа,
Аңдып айт, байқап сөйле жолдасыңа.
Жаңағы айтқан сөзің бәрі өтірік,
Ақыры келіп қалар өз басыңа.

Желеу:

Халқымсың өсіп-өнген Қарағанды,
Қандырдың табысыңмен бар адамды.
Азырақ сол жеріңе өкпелеймін,
Жаратпай отырсыздар жарағанды.

Айтайын Оңтүстіктің алыптарын,
Өздерін алыптықпен танытқанын.
Қамырдай қара тасты күшпен илеп,
Береке еңбегіне дарытқанын.

Елімнің қасиетті кісілері,
Бастырды абыроймен істі ілгері.
Осындай бар табысты шындық айтсам,
Бұл жерде кінәламас ешкім мені.

Айтайын Нартаевтың жеке басын,
Жеті айда орындады жыл нормасын.
Мұндай алып сіздерде табыла ма,
Елімнің күшпен ашқан қазынасын.

Онан соң Бидайбаев забойшігім,
Босатып күшпен тартып таудың жігін.
Бес айда жылдық ісін орындады,
Баянды етуменен істің түбін.

Қолында машинасы дүрілдеген,
Жас жігіт жарқын жүзді күлімдеген.
Отанның туылған ер тілегіне,
Ешқандай кемшілікке сүрінбеген.

Отанның туғызып біз тілегіне,
Күші бар арыстандай білегінде.
Шешесі жерік болып туған екен,
Басында жолбарыстың жүрегіне.

Өзі де жолбарыстай туған нағыз,
Әр топта жырға қосып айтар аңыз.
Туады алып анадан, ат биеден,
Дегендей ел аузында боп жүр аңыз.

Осындай ерлерім бар елге ырыс,
Жау мойнын қырқатын өткір қылыш.
Екпінді ерің болса, сіз де атағын,
Еңбегін батырлардың айтпақ дұрыс.

Жұмыстың басқарамыз ауыр жағын,
Көздейсіз жеңіл ұшып тәуір жағын.
Бар болса, батырыңды тағы айтып бер,
Осында, Алматыда Бауыржаным.

Болман:

Шопан ер, естіп пе ең Мұқан ерді,
Неше рет осы топқа талай келді.
Омырауда қос ордені жарқылдаған,
Шіркін-ай, жақындатқан алыс жерді.
Жүз қойдан он мың қойды өзі өсіріп,
Осындай бір тамаша өнім берді.

Осындай жақын қылған алысыңды,
Жіберме бұл жарыста намысыңды.
Өсиет-үлгі берген талай жанға,
Мен-дағы айтып өтем Қанышымды.

Отырмыз қызықпенен нұрға батып,
Әр сөзге сөйлемейік басты шатып.
Шырағым, байлығыңды салыстырма,
Бір қорған мысымменен алам сатып.

Сенің де кем демеймін табысыңды,
Сыртыңнан естіп жүрмін дабысыңды.
Өзің де таппадым деп айта алмассың,
Мінекей, көмір менен сол мысымды.

Кетесің кейде өзіңді өзің мақтап,
Қалдырма бар сөзіңді ішке сақтап.
Онымен өзің мақтап шыға алмайсың,
Шаршы топ көп ішінде кетсем ақтап.

1961 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз