Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Болман мен Желеу айтысы (2-бөлім)

Болман Қожабаев, Желеу Жақыпов · 2 мин оқу

Бөлеке, мына сөзге біраз тоқта,
Біреу үшін күймейді біреу отқа.
Әлгінде сіз айттыңыз, бір кемшілік,
Ол жағдай бізде бар да, сізде жоқ па?

Отырмыз кемшілікті сынағалы,
Өлеңнің таяғына шыдағалы.
Егер де жаламенен ерегіссең,
Беремін шындық сөзбен сыбағаңды.

Бөлеке, қариясыз көпті көрген,
Табамыз таппасақ та, жоқты жерден.
Абайлап алды-артыңды байқап сөйле,
Кемі жоқ деген сөз бар ердің ерден.

Балалар сөз тыңдасын есіктегі,
Жұмыстың жарамайды кешіккені.
Үгіттеп сізді енді не қылайын,
Білмейтін бала емессің бесіктегі.

Болман:

Кетеді сөйлегенде қызып арқам,
Ерлерім жаңалықтан өскен дарқан.
Өзіңнің ерте шапқан ардагерің,
Сөзіме құлақ салып тыңда, қалқам!

Көрдің бе Қарақұм мен Қоңырқұмды,
Талайға осы күннен берген сынды.
Өреді өлкесінде үш жүз мың қой,
Айтсам мен жан шыдамас Қарағанды.
Сен-дағы жоғарылап көтеріле бер,
Осындай еткен ісің, талабыңды.

Қоңырқұм, Қарақұммен қатар жатқан,
Құзында қыран шалқып қанат қаққан.
Сендерге табысымды көрсетпекке,
Мінекей, бетім осы-ау келе жатқан.

Балқашпен қатар жатқан Теміртауым,
Жан сүйер Қазақстан, біздің қауым.
Осындай дәлдеп айтшы табысыңды,
Термейік қазақшылық құрғақ дауын.

Көрсеңіз таң қаларсың болатымды,
Ұшан-құйрық қонатын қанатымды.
Мінекей, қарсы келме бұл ағаңа,
Шығарған сол кендерім ұлы атымды.

Ал қалқам, сендер жассың бердім кезек.
Сөйлеп көр, көп ішінде тілді безеп.
Шыныңды айт, былтырғы өткен, биылғымен,
Мінекей, болсаң жасым адал жүрек.

Желеу:

Оңтүстік облысы үлкен орда,
Байлығы таусылмайтын ескі қорда.
Байқайсың, есітесіз көрмесең де,
Табыстың барлық түрі жатыр сонда.

Елім бар күміс қазан, алтын қасық,
Алтынды күнде ұстаймын жалтылдатып.
Бере алмай алтын түгіл көміріңді,
Сіз отырсыз планды кейін тартып.

Ақсақал, алды-артыңды сөйле байқап,
Далаға жаққан оттан кетпе шалқып.
Мен сізді «қария» деп сыйлап тұрмын,
Кетер ем басқа болсаң бір-ақ шарпып.

Елімнің қасиетті кісілері,
Бастырып абыроймен істі ілгері.
Отанның бар керегін беріп тұрмын,
Табысы кем демейді ешкім мені.

Құлақпен естігенді көзің көрер,
Табыс үшін жұмсалды барлық өнер.
Әрі-бері ортамызда поезд жүріп,
Кеп жатыр неше түрлі машиналар.

Елімде шалқып өскен мал менен бас,
Құлпырып, бәйшешектей үлгілі жас.
Шыққанда бір-екі леп парад түзеп,
Әскери тәртібіне боласың мас.

Айтайын айыбыңды енді тыңда,
Өтірігі жоқ, Бөлеке, тұрсаң шынға.
Тауығыңның планын толтыра алмай,
Үйден жинап сен жүрсің осы жылда.
Алды бес жүз, аяғы жүз елуден,
Жеткен колхоз көрінет қойы мыңға.
Кебенек кеп ешкісін қырып жатыр,
Ауданның «Қызыл туы» қалып шуға.

Айтайын Нұра ауданның масқарасын,
Келіспейт көрген істі ашпаған соң.
Тұрғанда ойсыраған олқылықтан,
Неменеңе жетісіп мастанасың.
Алашадан кигізіп қамыс күрке,
Малшыңның көріп келдім бас панасын.
Береке малдарыңа қайдан кіред,
Тоқтың қоздап, шыбышың қашпағасын.

Шет аудан, бір колхозың «Ұзынарық»,
Жылап тұр күш-көлігің көрмей жарық.
Активтер оларыңды жіберме деп,
Өгізің көтеремнен болды кәріп.
Ақсақал, бұл жерге кеп айқайлама,
Болмай ма, өзің үшін бетке салық.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз