Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әзімбек пен Құдайберді айтысы (1-бөлім)

Әзімбек Жанқұлиев, Құдайберді Мырзабеков · 3 мин оқу

Әзімбек:

Жыр тұнды бүгін менің жүрегіме,
Қосылдым бар ақынның тілегіне.
Әулиеата жерінен сәлем бердім,
Ақмешіт – Сыр еліне, жыр еліне.

Бүкіл ел жасап жатыр тойға қамын,
Дарытып ойға дабыл, бойға жалын.
Екпінді құрылыста комсомолдар,
Тасытқан табыстардың тайқазанын.

Осылай комсомолдар шырай берді,
Адресіңді бүгін қыздар сұрайды енді.
Көкшенің сұлулығын жырға қосып,
Айтшы кәне, құрдасым, Құдайберді.

Құдайберді:

Қайта құру талабы бүгінгінің,
Осыны Құдайберді ұғынды шын.
Көкшенің сұлулығы бір шумаққа,
Сыймайтынын Әзімбек ұғын бүгін.

Бұл бір сөз көңіліңді өсіретін,
Өзіңді жақсы аламын есіме тым.
Уақыттың тар екенін білеіміз ғой,
Азырық енді жырлап көсілетін.

Ассалаумағалейкүм, алтын мекен,
Өнердің қайнар көзі халқымда екен.
Қуырған жер апшысын дүбір салып,
Шаңдағы жүйріктердің артында екен.

Сыр елі еңбекпенен таң атырған,
Ғанидай ел бастаған бала туған.
Ең ақыр бесіктегі сәбиің де,
Кетпенін бабасының ала туған.

Жырлады өткеніңді бар ақындар,
Демеймін менде олардан дара тіл бар.
Жұлдызы заманымның болу үшін,
Өмірге тағы бір Ғани жаратыңдар.

Көтерген биіктерге жыр ғылымын,
Жиналды игі жақсы – бұл бір ырым.
Атышулы аламанның алдын бермес,
Тұлпар болып тусыншы бір құлының.

Тойымен құттықтаймын комсомолды,
Өткерген еңбегімен қанша жолды.
Жалауы өнердің де желбірейді,
Комсомол қолдарына алса болды.

Құттықтау сөз айтамын сахнада,
Іргелі институт атына да.
Тілерім босағасын көрмей кетсін,
Адамдар ойы таяз, ақылы ада.

Тілектес досым едің, Әзімбегім,
Сезді жұрт арамызда әзіл көбін.
Ұядан қанаттанған қаршыға едің,
Жақсы еді сұңқардан да қаз ілгенің.

Жауап берші сен де менің сауалыма,
Таңданба олай менің ауарыма.
Қызылорда тілектес көршің еді,
Қандай көмек беріп ең Аралыңа?

Әзімбек:

Ақын боп бұл халқыма байқалайын,
Аралдың гүлдеріндей жайқалайын.
Аралдың жайын қозғап кеттің жаңа,
Ендеше мен де жауап қайтарайын.

Қолыңды құр бекерге сермейсің де,
Оданда жақсыларға ермейсің бе?
Шын жаның ашыса егер Көкшетауда,
Сексен көлден су әкеп бермейсің бе?

Келіпсің Көкше жақтан қадам басып,
Болғандай халық отыр саған ғашық.
Мақтап-мақтап халыққа жағамын деп,
Досыңмен алмадың-ау амандасып.

Салмақты сөз айтайық сахнадан,
Ақиқатты айтпай ма ақын адам.
Комсомолдық айтыстар болған емес,
Мінеки, халқым куә бақылаған.

Ұшсақ та екі өлкеден жыл құсындай,
Сәлемді кете бардың бізге ұсынбай,
Ағаларға рақмет жасап берген,
Комсомол айтысының тұңғышын-ай.

Жігіттің сенен көрдім көріктісін,
Ақынның жолықтырдым бөріктісін.
Басымда тақиям да болмай отыр,
Серідей берген сертке берікпісің.

Жарамас ел ел жайында сөз етпеген,
Қашанда қызыл тілді безеп келем.
Кезегіңді өзіңе қайтарайын,
Құдайберді, сөз алайық кезекпенен.

Құдайберді:

Халайық бұл сөзіңе мәз болды да,
Көңілім жүре берді жаз болды да.
Екеуміз құшақтасып келіп едік,
Мана берген сәлемім аз болды ма?

Көз салып парасатпен алдын әлі,
Жақсы істер қолдау тапса жаңғырады.
Тың көтерген халқымыз елдігімен,
Кешегі Түрксиб пен БАМ-ды дағы.

Біз сонда шын мақсатқа жетер едік,
Қайтеміз, бір тұтанып, өше беріп.
Байқалсын ақындықтың құдіреті,
Елге барып жастарды көтерелік.

Әзімбек:

Адал ақын болуға жарадым ба,
Әзімбекті әлсізге санадың ба?
Құдайберді, сексен көлді толтыра алмай,
Нең бар еді бұл жақтың Аралында...

Келмейді бұл айтысқа бөтен адам,
Әзілің жарасып тұр, көтере алам.
Өзіңді бұл бәйгеге баптады ма,
Отырған тарлан ақын Көкен ағам.

Жауап бермей мен қалай жай табамын,
Біраз жайды жыр етіп айта аламын.
Білесің Ауғанстанда болып келдім,
Өзіңнен қалай бүгін тайсаламын.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз