Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әсет пен Қали айтысы

Әсет Найманбайұлы, Қали · 2 мин оқу

Үкібас дейтін қыз Әсетке: «Қали маған маза бермейді» деп наз айтады. Қыздың атынан Әсет Қалиға мынадай өлең жазады:

Қыжыртпа, қызда нең бар, менен аулақ,
Итсің тіміскіген қылшық аулап.
Іздеген сорпа-сүйек сен бір итсің,
Бұл елдің жүрген жоқсың дауын даулап.

Бермейсің жүзігімді барымталап,
Бойымды сен ақымаққа жүрсем балап.
Қағынып қарап жүріп соқтығасың,
Қоясың тойған кезде заһарды жалап.

Бай жақас байқамадым бауырыңнан,
Найманға ұран болған сауырынан.
Атам Бекей, Еңсекей – бәрі маман,
Шыққан жоқ бұрын тентек ауылымнан.

Жігіттер түсі қуар, ырысы қашар,
Ақылға жете алмассың, болсаң нашар.
Ар-намыс, ақыл-қайрат түгенделсе,
Тоқталып шіркін дүние орындалар.

Ал енді, Қали арсыз, Қали арсыз,
Қураған қу ағаштай бетің қансыз.
Жаяу жүріп аттыдай шіренесің,
Отарда малың бардай жатқан сансыз.

Қағынған қарап жүріп бір жетесіз,
Шәукеңнің ұрығы едің сен некесіз.
Шаруаңды қыл, онан да малыңды бақ,
Бозбала, бұған ерсең, бос кетерсіз.

Байдан туған тұқымның жүргені анау,
Ішкені-шәй, жегені-ет, майлы палау.
Түтіні қай отаудың шығады деп,
Сен бір жүрген қайыршы қызыл танау.

Ит үреді, құтырса иесіне,
Сөз орнықса, тоқтайды жүйесіне.
Қабанбай, Әлі шыққан, Шүкең шыққан,
Қазақтың тай бермеген түйесіне.
Сатпайын сен наданға тамам елді,
Қалармын жақсы ауылдың киесіне.
Ұқсаған хайуанға сен ақымақ,
Шабасың келесінің биесіне.

Бұл өлеңді Әсет жазып бергенін сезіп, Қали былай деп жауап қайтарады:

Хат жаздым жәрдем тілеп бір құдайдан,
Осы итке, мұқтаж қылма атам Найман!
Аптығын ит Әсеттің бір басайын,
Өлеңін мың жылқыдай ішке жайған.
Қабанбай, Тоқтарқожа және Мәмбет,
Озған жоқ қазақ ұлы Қабанбайдан.

Тіпті жоқ осылардай бала туған,
Әлі атам құдіретпен шала туған.
Күн көріс саясында сендей саяқ,
Жетім менен жесірге пана туған.

Қу Әсет теңелесің маған қайдан,
Артылмас өз басыңнан қылған пайдаң.
Сұратып елден қайыр, тиын бермей,
Теңіңді алдың білмей Найманбайдан.
Әкең жүр жалаңаяқ қайыр сұрап,
Қорықпайсың сен имансыз бір құдайдан.
Бересің не деп жауап тәңір алдында,
Құрылып, тас таразы, болса майдан?
Әбіш, Тоғыш Семейден келген кезде,

Найманбай бақыр ұстап қосшы болған.
Әсеттің үш-төрттегі бала кезі,
Шешеңнің жас күні екен жаңа толған.
Ауызға ішер тамақ болмаған соң,
Әркімге көзін сатып құдай ұрған.

Қашқарлықпен арада болды талас,
Сөзім шын, тыңдағанға болмайды адас.
Сен атып тақияңды мәз болушы ең,
Әперсе әлде кімнен екі қалаш.
Әсекең енді қайтіп паңданады,
Сырыңды түгел білді тамам алаш.
Мешел бала бұттанған қап қарынсау,
Қу едің тауық баққан жап-жалаңаш.

Туған жоқ, туысқан жоқ, сен бір саяқ,
Жасыңда тауық бақтың жалаңаяқ.
Жас күнде, шадыр мінез, басы асау ең.
Көшеде көрінгеннен жеуші ең таяқ.

Қарда – із, қарада – хан мал болады,
Әсекең нені біліп сал болады.
Өзіңнің үйіріңде жүрген тайың,
Мойнына жабу жапса жал болады.
Әсеке бұл мінезден тиылмасаң,
Бір күні аузы-мұрның қан болады.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз