Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әсия мен Бекарыс айтысы (2-бөлім)

Әсия Беркенова, Бекарыс Шойбеков · 2 мин оқу

Бекарыс:

Ал, апа, бермен қарай беттегейсіз,
Сөзбенен балаңызды ептегейсіз.
Еркелеп қаншама сөз айтармын мен,
Сіз бірақ, сол еркімді шектемейсіз.
Балам, балам деп алып, апа, менің,
Басымды балға тығып кетпегейсіз.

Сеніммен қарайды ғой саған да әркім,
Сөзіңнен көрініп тұр адал қалпың.
Балаңа бал жырыңды арнап жатсаң,
Апажан, түсіп қалмас содан нарқың.
Егер де шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бойжеткені дейтұғын оған халқым.
Ал бүгін сіз тұрғанда мен сөйлесем,
Балаңның ержеткені болар бәлкім.

Құдайым бергеннен соң маған өлең,
Айтысам ініммен де, ағамменен.
Жаратқанның жазғаны осы шығар,
Мәжілістес боп қалдық анамменен.
Сыбағамды әкелген шығарсыздар,

Сары қымыз әкелгендей сабаменен.
Кейінгі жас бөрілер жаман, апа,
Күшіңді жұмсамасаң шамаменен.
Базардан келе жатып жолықтың-ау,
Базарға бара жатқан баламенен.

Жиналып жатқаннан соң текті кілең,
Табаның қызып, апа, кетті білем.
Аямай Әсия апам осы жерде,
Көсесін мына мені от тілімен.

Апамнан хал сұрайын асыл мына,
Өзіңсің төрге сүйрер басымды да.
Аман ба Қостанайдың қалың жұрты,
Табиғаттың қақпаны ашылды ма?
Айдаһардай айылын жимай тұрған,
Бұрқыраған бораның басылды ма?

Демеймін апа сізді шек қылып ем,
Одан да өлеңіме сеп қылып ем.
Ұшырып әкетпесең жарар еді,
Еліңдегі боранның екпінімен.

Әсия:

Ақын ба қиялменен қыр аспаса,
Шабыттың шарасынан сыр ашпаса.
Көтерем жаным балам, еркелікті,
Еркелік іс ерлікке ұласпаса.

Сенімін бұл анаңның ақтайсың ба?
Шабыттың жас тұлпарын баптайсың ба?
Басыңды батырсам мен бал түбіне,
Шырынын сорып сонда жатпайсың ба?

Дәметпек деп үлкенді құлқын асың,
Тайлақтай шудадағы жұлқынасың.
Бесіктен белің шықпай не пәле болды,
Алдында бұл апаңның бұлқынасың.

Өзіңше пайдаланып жыр алаңын,
Көрсеттің күлкіден ой құрағаның.
Ел алыс, шалғай болып, алыс болса,
Не пәле, боран жайлы сұрағаның.

Отырып мына топтың ортасында,
Жүйріктей жолға шыққан жортасың ба,
Аман-сау келдік міне ортаңызға,
Сен бармай, сол бораннан қорқасың ба?

Мен-дағы дауылдайын дүрілдеген,
Болсам да аруана-жыр білінбеген.
Ерітем сүр қарыңды Оңтүстікте,
Ақпанның боранымен, жырымменен.

Арнасын ақындықтың анық біліп,
Бағасын отыр мынау халық біліп.
Ұсақ сөз тілге тиек етіп, сірә,
Алмайық көрерменді жалықтырып.

Сарайын сұйық сөздің ашпағайсың,
Жеңілге інім, сірә, баспағайсың.
Емессің қаңбақ құрлы налып кетер,
Ауырлау сөздерімнен қашпағайсың.

Бекарыс:

Апасы қисынсыз сөз тауып отсың,
Балаңды үйтіп-бүйтіп қауып отсың.
Бесіктен белің шықпай бұлқындың деп,
Арадай мына мені шағып отсың.
Бесіктен бел шықпаған балаңа кеп,
Басыңызды ауыртып нағып отсың?

Қайталап неғылайын тобам барын,
Қажет-ау әлгі жайға оралғаным.
Бораннан қорқасың ба деп отырсың,
Шығып кетсе көрейін содан жаным.
Сіз мені білесіз бе Қаратауда,
Қарабастың өтінде жаралғанмын.
Арыстан-Қарабасқа алдырмай кеп,
Апамызға алдырсам не болғаным.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз