Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әсет пен Кәрібай айтысы (4-бөлім)

Әсет Найманбайұлы, Кәрібай Таңатарұлы · 3 мин оқу

Әсет:

Сүйіндік сөз сөйлейін Қарашордан,
Түстікке көше алмайды дәулет молдан.
Олжабай орта жүзде батыр екен,
Не ғаріпті құтқарған түскен тордан.
Жарайсың бір сөткелік тоятыма,
Қанатым аю ілген бұған қомдан.
Арғынның осы бір аты озған жері,
Анықтап үзілместен қызыр қонған.

Кәрібай:

Салайын Қарашорыңа Байжігітті,
Шаянбай, Ботабаймен екі құтты.
Малы халал қазақ жоқ Шаякемдей,
Ұстатқан бүкіл қажы жомарттықты,
Ұрығынан он кісі қажы болып,
Мақтан емес болып тұр дінге мықты.
Жақастың мына отырған Сүлеймені,
Қалмақты Құлыстайдан қойдай атты,
Еңсе үкірдай Шотайда, Қонжа батыр,
Жисаң, Арғын жетпейді оған тіпті.
Барларың жоқтарыңа қайыр қылмай,
Кереку, Семей жаққа елің ықты.

Әсет:

Бір бай бар біздің елде Иса деген,
Жүз бие күздік етіп сойып жеген.
Өзге бақтың мысалын не қылайын,
Кәміл бар жылқысы да бірер түмен.

Кәрібай:

Манақтың сен де естіп қайт мың мен санын,
Кәміл бар алты жүз мың ақшалары.
Ескі ақшаны жаңаға айырбастап,
Семейдің жетпей қалған төрт дуаны.
Ақшамен самауырын қайнатқанда,
Петрдің шыдай алмай шыққан жаны.
Боғастың суы ақпай қалады екен,
Бұланның суға түссе жылқы малы.

Әсет:

Найманның тіл былғаман делбесіне,
Көрген жоқ қазақ шыдап сермесіме.
Алдында ақ патшаның ән салғанмын,
Сүйсінген жеті болыс кеңесіме.
Қайраулы қанжардай боп жалаңдайсың,
Жүрмісің көзің жетпей өлмесіңе?

Кәрібай:

Арғынның тіл былғаман шатпасына,
Үй тентек, қазан бұзар от басында.
Үстінде жарты ғана көйлегің бар,
Жылаушы ең Белгібайдың қақпасында.

Әсет:

Ант ұрған, құдай ұрған, тәңір атқан,
Осыған қайтіп сыйған мұнша мақтан?
Байжігіт беріп жылқы, іштің саумал,
Зәлім ең одан бұрын қулық артқан.
Көңіліне келген істің бәрін мақтап,
Менімен сөйлестің-ау әбден шатпақ.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар,
Еп болар артық сөзден ауыз тартпақ.

Кәрібай:

Әй, Әсет, сен өзіңді сор қамаған,
Жүйрік жоқ дәл өзімдей жорғалаған.
Жалқы емес Байжігітім жамбы берді,
Арғынға мал қажет деп іздеп барман.
Атамыздың байлығы сол емес пе,
Қойныма сендей жетім қорғалаған.
Қырып бәйге қырымнан алдым дейсің,
Әкеңді Көктұмада ит талаған.

Әсет:

Ей, Кәрібай, оқымаған сен бір надан,
Хат білмеген адамның көңілі қараң.
Бір Алла, екіншіден хақ Пайғамбар,
Менімен айтысасың қай арадан?

Кәрібай:

Ей, Әсет, молла болман сенен оқып,
Айтайын өз дауымды ішке тоқып.
Қары болсаң, күтсеңші ата-анаңды,
Жүр әкеңнің өкпесін кене шоқып.

Әсет:

Ей, Кәрібай, сөйлеселік шариғаттан,
Тарих пен тілдеселік мағрипаттан.
Саудасы әлгі сөздің бұл емес қой,
Барасың қайда лағып, тәңір атқан?

Кәрібай:

Баққаны патшаның да жаяу солдат,
Жегені – құйрық, мінгені – сұлу жалды ат.
Әкең мен шешеңізді күтпеген соң,
Көрмеймісің туысың келсе жаннат.
Ұста, - деді, - мына дауды, - би Тілеген,
Төресі Жетісудың Қоңыр деген.
Имамға бар екеуің, жүгініс, - деп,
Қой, - деді, - ерегеспей, - хан Сүлеймен.

Әсет:

Сүлеке, жолдастықтан тайғандығың,
Әсеттің сырын сыртқа жайғандығың.
Дәлме-дәл ғаріп сөзін имамға айдап,
Болысқан ақырында наймандығың.

Кәрібай:

Ежелден сөзге жуан Арғындығың,
Палуансып Тарлан мінген Тарғындығың.
Әкең мен шешеңізді жекжат етіп,
Сұраған менен қисап малғұндығың.

Шақшамен әкең сатқан насыбайды,
Бұл сөзді Айтмұхамед елге жайды.
«Мен Арғыннан Найманға келгеннен соң, –
Депсің ғой, - сөйлетпеймін Кәрібайды».
Баянды пайда келер абайламай,
Мына Әсет серілікпен жалтырайды.

* * *
Жігіттер, Көктұмаға барған жерім,
Дәміне Шұбарағаш қанған жерім.
Ер өнері кем болмай, тауып ебін,
Әсетті сүріндіріп шалған жерім.
Әсет тоқтап, Кәрібай жеңді деген,
Атақты хан сиазда алған жерім.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз