Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әдепбай мен Тірнекей айтысы (2-бөлім)

Әдепбай, Тірнекей · 3 мин оқу

Әдепбай:

Жиылды елім бүгін тұс-тұс жақтан,
Ырыздық - бүгінгі күн, - ынтымақтан.
Сөз жекелеп сұрайсыз өзеленіп,
Еліміз бұлжытпайтын бірлік тапқан.

Өлең десе кетеді біздің таңдай,
Ел-жұртымның алдында жарық маңдай.
Сізге қояр, Тірнекей, бір сұрағым,
Жауаптанған құрылыс бітті қандай?

Тірнекей:

Қызыл тіл қу жел сөзге енді басты,
Қуантып ойныменен кәрі-жасты.
Салынып көп құрылыс Өлгейімде,
Театр биылғы жыл іске асты.

Әдепбай:

Разымын жастардың еңбегіне,
Сұрау бар алда әлі еңбегімде.
Үш жыл бітпей қалды ғой театрың,
Осының, айтшы өзің, себебі не?

Тірнекей:

Сөйлесін іркіліссіз тіл мен таңдай,
Бітті ғой, отырмысың, маған нанбай?
Үш жылдай бітпегенін жасырмаймыз,
Отыр ма жауабыма көңілің қанбай?

Әдепбай:

Себебі не, бітпеген екі-үш жылдай?
Өлгейлікке жарамас мұндай жағдай.
Алыс жерге «нашар» деп естіледі,
Тазалығы Өлгейдің болды қандай?

Тірнекей:

Кез болдық бүгін тойда дәмі тартып,
Отыр-ау, Әдең ағай әнге тартып.
Болып ед бұрын нашар тазалық та,
Ал, бүгін тазалығы келеді артып.

Әдепбай:

Өлгейде азамат көп маңдай алды,
Шайға қатық есепті ешкі алды.
Тірнекей, тағы да бар бір сұрағым,
Содан тарап неше кілә түбіт алды?

Тірнекей:

Саналы ғой Өлгейде болған жігіт,
Тарайды бәрі дағы болса түбіт.
Қайтсе-дағы планы орындалды,
Өйткені, оларға да айтады үгіт.

Әдепбай:

Ризамын, сен берген сәлеміңе,
Атың шықты Өлгейдің әлеміне.
Өлгейге сауынға алған мал ішінде,
Ешкі қотыр болатын себебі не?

Тірнекей:

Салайын өмілдірік күміс ерге,
Артық-ауыс айтады, тілге ерме.
Қотыр ешкі туралы, мен ұмытпай,
Сәлеміңді жолдайын келіндерге.

Әдепбай:

«Сапалы істе!» - партия ұраны бар,
Өлгейде Қол өндіріс артелі бар.
Өндірістен шығарған кейбір заты,
Іске аспай әр жерде қалғаны бар.

Тірнекей:

Кемістік, бұ да рас, айттың нағыз,
Оңай ғой, болса мынау кеміс жалғыз.
Артельде кемістік бар, жасырмаймыз,
Қолдан келед, оны да жақсартамыз.

Әдепбай:

Бұрынғыдан болыпсың өсіп зерек,
Сан емес, заттарыңа сапа керек.
Екі-үш күнде сөгілед тіккен етік,
Іске аспайтьш тіршілік неге керек?

Тірнекей:

Айттыңыз кемістікті олай-бұлай,
Заты іске асады жерде қалмай.
Біздегі кемістікті айттыңыз ғой,
Егер де нашар болса дәлел қандай?

Әдепбай:

Өзен-суды тарттырып «қырға алдырдың»,
Он жыл бойы арықты құр қалдырдың.
Ұят қой он жыл ұдай құр жатуы,
Қыр еліне осылай сыр алдырдың.

Тірнекей:

Әдеке, әуес едім әнге жастан,
Оңалмады ісіміз әуел бастан.
Қазғанмен бұрылмады су арнасы,
Биыл қолға аламыз ерте бастан.

Әдепбай:

Жалынды, күші басым жастар деңіз,
Бітеді ғой, ол іске өкінбеңіз.
Үш жүз жастар барады бұл сұмыннан,
Істей алмай, егерде, ерінсеңіз.

Тірнекей:

Әдекең тамылжыта ән салады,
Әніне тыңдаған жан тамсанады
Жастар қашан барады Өлгейіме?
Дәл, сол күн, қызыл тумен қарсы алады.

Әдепбай:

«Асыл - тастан болғанда, ақыл - жастан»,
Түк бітпейді отырсаң, қозғалмастан.
«Күш жетпеді, қолымнан келмеді» деп,
Шақырсаңшы өздерің әуел бастан.

Тірнекей:

Әдеке, уәдеміз емес тегін,
Сұрағым: қанша гектар салдың егін?
Егіні еліміздің алтын ырыс,
Алдыңыздар дәл одан қанша өнім?

Әдепбай:

Азияның жонында отыр елім,
Тоғыз айда жылмық жоқ, суық жерім.
Бір тілекпен егінді егіп едім,
Қортындысын айтайын, өнбегенін.

Тірнекей:

Есіл сөзім менің айтқан кетті тегін,
Ойлаушы ем өлкелесім сізді бегім.
Егінді салғаныңды сұрағам жоқ,
Аласыз биыл күзде қанша өнім?

Әдепбай:

Орынсызды мен сізге айта алмаймын,
Әйтпесе, тілегіңді қайтармаймын.
Егін шықса, жерімді бергіз зерттеп,
Күшім мен мүмкіндікті аямаймын.

Тірнекей:

Салды бүгін, Әдекең, ариясын,
Шаршатып алпыс жаста қариясын.
«Қосымша күш керек» деп, бітпей қалса,
Жіберермін өзіңе жариясын.

Әдепбай:

Тірнекей, «кәрісің» деп ат тағасың,
Қиыннан қиыстырып сөз табасың.
Есіңде болып жүрсін, кәрі демей,
Сыйлап жүр жасқа балап, ел ағасын.

1956 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз