Өлең айтуды үйренген есек
Мысал әңгімелер · 1 мин оқу
Бөтен елден бір адам патшаға:
—Мен он жылда есекке өлең айтуды үйретемін, тақсыр, мендей құлыңызға тек қана есек пен он мың теңге қаражат беруге рұқсат етіңіз, сонда мен сізге өнерімді көрсетемін,— депті. Патша жат елдің адамының сөзіне нанып, оған бір есек пен он мың теңге беруге әмір етеді. Әлгі адам есек пен ақшаны алып, еліне қайтады да, өзіне әдемі үй салып алады, сөйтіп қалған ақшаға қызықты өмір сүре бастайды. Бір күні оған бір досы келген екен. Оның тұрмысын көріп:
—Сен өзің не деген ақымақсың, патшадан алдап бір есек пен он мың теңге алып, қызық дәурен сүріп жатырсың, ал мұның аяғының немен бітетінін ойламайсың ба?—депті. Сонда анау қарсылық білдіріп:
—Мен тіпті де ақымақ емеспін, ойлашы өзің. Он жыл ішінде осы үшеуіміздің біреуіміз өмірмен қалай қош айтыспаймыз?— депті.