Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өгіз бен бақа (2-бөлім)

Мысал әңгімелер · 3 мин оқу

сапарында жазып алған. Кейінгі жылдары да сол өлкеге жиі барып, ел ақындары шығармаларын жинағаны белгілі (Жансүгірұлы І. Қастерлі қазына // Жұлдыз. 1997, 5 мамыр). Бұл мәтіндер алғаш І.Жансүгірұлы құрастырып, алғы сөзін жазған «Өтірік» жинағында жарияланды. Томға мәтін «Өтірік» жинағының Мәскеу басылымы негізінде дайындалды. 3. «Торы тай мен нән шыбын хикаясы» (Ә.Ниязбекұлы нұсқасы). Бұл шығарма—Жетісу аумағында, әсіресе осы өлке нің оңтүстік-шығысын мекендеген қазақтар арасында кеңінен тараған өтірік жыр. Жырлаған—Мейірман Дәркенбайұлы. Туындының жырлануына байланысты ел арасында мынандай аңыз сақталған: ««Дәркенбай қажы бір дәулетті адаммен «бесік құда» болып, оның қызын Мейірманға айттырады. Дәстүр бойынша, қыз кәмелетке толғанша қалың малын өткізіп, кә делерін жасап қояды. Бар мәселе тойға тірелген тұста құданың ықыласы Дәркенбайдың бәйге торысына түсіп, қолқа салады. Ат иесі сөз бұйдаға салып, той кейінге шегеріле береді. Мейірман түрлі сылтау тауып, қайын жұртына жиі қатынап тұрса керек. Бірде бие сауып жүрген қалыңдығына құлын тартқан болып, көмектесіп жүреді. Сол желі басында Дәркенбайдың қалыңға берген кер биесі де бар екен. Мейірман құлын тартып тұрып, әлгі биеден туған торы құлынның тұмсығына қонған шыбынды шертіп өлтіреді. Көріп тұрған жылқышы бала күліпті. Сонда қалыңдығы:

—Осы жұрт сізді ақын десіп жүр ғой, мына шыбын мен торы құлынды қосып өлең шығарыңызшы,—депті. Мейірман:

—Тілегіңіз орындалады, бірақ өтеуі не болмақ?

—Қалағаныңызды алыңыз,—дейді қыз.

—Менде өзіңізден басқа қандай қалау болушы еді, әкеңізге айтып тойды тездетіңіз,—деген жігіт өтінішін назымен ма құлдаған қыз, егер әкесі тойды кешіктіре берсе, өзімен қашып кетуге уәде береді. Қалыңдығының жауабына риза болған Мейірман егіз желідегі биелер сауылып біткенше өлген шы

бынды аяқасты дастан етіп жырлап шығыпты. Өтірік дастан оқиғасының қызықтығы сондай—лезде ел ішіне тарап кетіпті» (ӘӨИ. 1040-бума, 2-дәп.). «Шыбынның» көпнұсқалығы туралы «Өтірік» жинағы ның алғы сөзінде І.Жансүгірұлы мына пікірге тоқталады: «Мейірманның «Шыбын» деген өтірігін маған айтқан, жазып берген кісіден: барлығы 12 кісі. Оның албаны да, суаны да, найманы да, дулаты да бар. Бірақ соның барлығының тәуір айтқан бір-екеуін негізге алдым да, өзгесін соның маңына тер дім. Сөйтіп, бұл жинағаным өзімше сондайлардың таңлама сы» (Жансүгірұлы І. Өтірік.—Мәскеу, 1927.-5-б.). Осы дерек тер арқылы Ілиясты қазақ фольклор мұраларын алғашқы жинаушы, жүйелеуші, зерттеуші, жариялаушылар қатары нан көреміз. Жүйелеуші демекші, жоғарыда айтылған сөзде ріне қарағанда, 12 кісіден жиналған дастан сұлбасынан мәтіндік текстология жүргізгені аңғарылады. Осы орайда, І.Жансүгірұлының халық мұраларының жан ашыры, жинау шы және бастырушы ретіндегі қырлары әлі де болса фольк лортанушылар назарына ілікпей жүргенін баса айтуға болады. Өтірік жырдың І.Жансүгірұлы жинағындағы нұсқасы 79 шумақтан тұрса, Ә.Ниязбеков нұсқасын 178 шумақ құрайды. Екі нұсқаның да тақырыбы, құрылысы мен сюжетінде айтар лықтай өзгешелік болмағанмен, соңғы қолжазба көркем әрі толық мәнінде сақталғандығымен ерекшеленеді. Себебі бұл нұсқа Мейірманның туған ағасы Серікбайдан туған Қайып жаннан жазылып алынған. Ал Ілияс ел адамдарынан, ақын Ғ.Орманұлынан, студенттерден жазып алынған қысқа мәтіндерге текстология жасау арқылы толықтырғаны жоға рыда айтылды. Толық нұсқа «Бүркіт», «Кер бие», «Торы құлын», «Торы тай», «Нән шыбын» деген тақырыптарға бөлінгенмен, басты оқиға шыбын маңында өрбиді. Жырдың кіріспе бөлімі Ә.Ниязбекұлының тарапынан шығарылып, онда Абай мен Шоқаннан, Ыбырайдан бергі ұлы тұлғалардың халқына істеген еңбектері айтылып, Мейірман, ол жырлаған өтірік туынды

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз