Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өгіз бен бақа (3-бөлім)

Мысал әңгімелер · 3 мин оқу

туралы мәліметтер баяндалады (Бұл бөлім жырдың Ілияс нұсқасында жоқ—құраст.). Бірінші бөлім Ілияста «Бүркіт» аталып, Мейірманның қыран құсты қолға түсіру оқиғасы суреттелсе, Әужан нұсқасында бұл тараудың атауы—«Түс». Алдыңғы нұсқада аңшының түсі, оны жорыту оқиғасы бір ғана шумақпен шектелсе, соңғы қолжазбадағы түсте Мейірман бүркітке мініп қас-қаққанша Мысыр, Шаш, Тегаран, Кабул қалаларын аралап, қанжығадағы жеті қарсақтың қаны мен бес түлкінің төлеуіне бір жез шегелі етік айырбастап алады. Сол етікті аяғына сұға салып, лезде аң аулап жүрген тауға жетіп келеді. Оны үлкендер: «Жақсы бір ат мініп, екі қатын аласың» деп жориды. Келесі бөлім екі нұсқада да «Кер бие, торы құлын» аталып, аңшы ауыл аралап дәрі сатып жүрген саудагердің кер биесіне мақтауын асырып, астындағы кәрі құла атын айырбастап алатын эпизод суреттеледі. Екі мәтінді салыстыра қарағанда, айта қаларлықтай өзгешеліктер байқалмағанмен, Үстемеге алған мата, түйме, ине-жіп, айна-тарақ, дәрі-дәрмек сияқты тұрмыстық заттардың саны мен атауында айырмашылықтар кездеседі. Мысалы, Әужан нұсқасында тек Алатау сілемдерін де өсетін көкможы, арала, күшәла, көксал секілді дәрілік өсімдіктердің атаулары ұшырасады. І.Жансүгірұлының келесі «Торы тай» тарауы екінші нұс қада «Тор құлынның сипаты» деп аталып, ерекше туған құлын ның сипаты кең ауқымда суреттеледі. Мәселен, Ілияс нұсқа сында тайдың сипаты бар-жоғы бес шумаққа сыйғызылған болса, Әужанның қолжазбасында 48 шумақты қамтыған және ерекше көркем тілмен баяндалған. Бақайы Бақалының адырындай, Бауыры Далашықтың жазығындай. Соншама ұзын аяқ тіп-тік біткен, Өренің құрт жаятын қазығындай,— деген жолдар бұған айғақты дәлел болады.

«Шыбын» (1 нұсқа)—«Нән шыбын» (2 нұсқа) аталған соңғы бөлімде жырдың негізгі сюжеті қамтылады. Бірінші нұсқада алып шыбынның аулануы, етті үлеске бөлу, оны елге тасудың машақаты қысқаша баяндалса (32 шумақ), екінші нұсқада Мейірманның құлынмен бірге «жолы болып», тауда жүгірген аң қоймаған саяткерлігі жан-жақты суреттеледі. Нән шыбын ның ізіне түсіп, асқан қиындықпен атып алуы, шыбынның қалай сойылып, ішек-қарны қайтіп аршылғаны, етін қанша көлікке артып, терісінен неше ыдыс жасалғаны жөнінде адам сенгісіз өтірік, көкейге қонымды көркем де өткір тілмен ұзақ баяндалады (108 шумақ). Аяғында мол еттен қазақтың үш жүзіне үлес бөліп, дәстүр бойынша іргелес, арқа беріс ағайын деп қырғызға құйымшақ, қыз беріп, қыз алғанға сыйы артсын деп тараншыға төс тартады. Ұлы жүзге—ағайындығын ескеріп екі қол, сүбесін, Орта жүзге—жамбасын, Кіші жүзге—асықты жілігін бөліпті. Мейірманның бұл үлесі қазақтың баршасына да құт боп дарып, мәңгіге сіңісті болып қалыпты-мыс. Жырдың І.Жансүгірұлы, Ә.Ниязбекұлы, Ә.Зікірияұлы нұсқалары Мейірман ақынның жеке жинағында жарияланды (Дәркенбайұлы М. Мейірман ақын Дәркенбайұлы Әжібайтегі (Өтірік өлең-хикаялар.Аңыз, әңгімелер. Зерттеулер)//Құраст.: С.Медеубекұлы. —Алматы, 2005.—113-б.). Томға жыр мәтіні ӘӨИ-дің сирек қорында сақталған Ә.Ниязбеков жеткізген қолжазба негізінде ұсынылды (1041бума). ІІІ. ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР 1. «Қырық өтірік айтқан шопан». Шығарманың түпнұсқасы ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (894-бума, 11-дәп., 13-б.) сақтау лы. 1984 жылы Қарақалпақ экспедициясы кезінде жинап, қор ға тапсырған—Құлбек Жұматаев. Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылды.

2. «Қырық ауыз өтірік айтқан тазша бала». Туынды түп нұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (894-бума, 11-дәп., 27-б.) сақтаулы. 1984 жылы Қарақалпақ экспедициясы кезінде жи нап, қорға тапсырған—Құлбек Жұматаев. Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылды. 3. «Тазшаның қырық ауыз өтірігі». Туынды «Қырық өтірік» (Шынжаң халық баспасы. 1958. —20-б.) жинағында жарық көрген. Томға ұсынылып отырған мәтін осы жинақ негізінде да йындалды. 4. «Сексен өтірік». Туынды алғаш рет «Сексен өтірік» жинағында латын әрпімен жарияланды (Сексен өтірік.//Құ раст.: Ө.Тұрманжанов. Балалар әдебиеті секторы.—Алматы, 1937) жинағында жарияланған. Томға ұсынылып отырған мәтін осы жинақ негізінде да йындалды. 5. Тазша баланың өтірігі. Томға ұсынылып отырған мәтін дер «Өтірік әңгімелер» (/Құрастырған Қарта Қаңтарбайұлы.— Алматы: «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы», 1962.) атты жинақтан алынды. 6-7. «Өтірік ертегі», «Өтірікке әкесінен асқан бала». Бұл мәтіндер Жансүгірұлы Ілияс құрастырған «Өтірік» (40, 44-бб.) жинағында жарық көрген. Томға өтірік әңгімелер осы жинақтың негізінде дайын далды. 8. «Өтірікке бәйге». Өтірік әңгімені ел арасынан жинап, 1982  жылы ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған—белгілі халық мұраларының жанашыры Мәжікеев Мұқаш. Томға мәтін түпнұсқа (1053-бума, 2-дәп., 50-б.) негізінде ұсынылды.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз