Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ит

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Ит пен мысық бұған да көнеді. Сонда маймыл нанның бірін үлкен етіп, енді бірін кіші етіп бөледі де, таразының табағына салады. Нанның кішкене бөлігі салынған табақ көтеріледі де, үлкен бөлек жағы басылып кетеді. Сөйтіп, екеуін енді теңес тіру керек болған соң, маймыл нанның үлкен бөлігінен ептеп үзіп алады да, ауызына сала береді. Осылай үзіп жей-жей табақ жоғары көтеріледі. Енді екінші жағы басылып кетеді. Сөйтіп, біресе ана табақтан, біресе мына табақтан үзгілей отырып, маймыл бір табақ әбден босап, екінші табақта болмашы ғана нан қалғанша жейді. Маймыл енді сол титтей нанды қолына алады да, ит пен мысыққа:

—Шынында осындай мардымсыз нәрсеге бола жанжалда судың жөні бар ма? Ешқайсыңның көңіліңе келмеуі үшін міне, мен-ақ жеп қояйын,—дейді. Сонымен, маймыл нанның ақырғы түйірін де қылғып салып, тайып тұрады. Сөйтіп, ит пен мысық сімпейіп құр қала береді. 35. БҰҒЫ МЕН ТҮЛКІ Бір күні бұғының су ішкісі келеді де бұлаққа барады. Бұлақтың өзі бір терең шұңқырда екен. Бұғы суға қанып шұңқырдан шығайын десе шыға алмай қояды. Жақында бір түлкі тұр екен:

—Ей, бауырым!—дейді ол сонда бұғыға,—ағаттық істедің сен, шұңқырға түспей тұрып, одан шығар-шықпасыңды ойлап алуың керек еді,—деп мысқылдайды. 36. ИТ Бір адам иттен:

—Сен неге жолда жатырсың?—деп сұрапты. Ит сонда:

—Мейірімсіз адамды мейірімді адамнан ажырату үшін жа тырмын,—депті.

—Мейірімсіз адамды мейірімді адамнан қалай ажырата сың?—деп сұрапты әлгі адам.

—Мейірімді адам маған тимейді. Ал мейірімсіз адам мені аяғымнан теуіп өтеді,—деп жауап беріпті ит.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз