Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Есек

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Есек бір күні өзінің қожасы жайында ойға түсіпті: «Қожам итін өте жақсы көреді, өйтетін себебі, сірә, иттің жа рамсақтап, құйрығын бұлаңдатып, алдында секіріп асыр сала тындығынан болуы керек. Әрине, ол оны сондықтан жақсы көреді. Ендеше, оның алдында, сірә, менің де ойнақтап, сонан соң тізесіне отыруым керек екен! Сонда ол мені сөзсіз еркелетер еді». Есек осылайша ойлайды. Сол уақытта қожасы егін басынан келіп, қорадағы орындыққа отыра кеткен екен. Есек оған жақындап келіп, алдында асыр салып ойнақтай бастайды. Біресе оңға, біресе солға қарай секіріп, бір ауық аңырап қоя береді. Сонан соң артқы екі аяғымен тік тұрып, алдыңғы қожасының кеудесіне қойып, оның тізесіне енді ғана отыра бермек болғанда, қожасы шыдай алмай баж ете түседі. Оның дауысын естіп келген қызметші жуан таяқпен есекті сілейтіп тұрып сойып салады.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз