Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мақтаншақ қоян

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

«Қылдырықтай» деген жалған аты бар бір қоян бір күні басқа қояндарға мақтанады кеп:

—Қасқыр деген маған сөз бе, мен қасқырдан қорықпаймын. Ал түлкіден ше? Оны үрлеп қалсам болғаны, ұшып кетеді,— дейді. Барлық қояндар оған таңдана қарап:

—Түріне қарағанда қылдырықтай әлсіз сияқты, бірақ қандай ер.—дейді. Осы кезде қайдан шыққаны белгісіз, әйтеуір бір қасқыр шыға келіп, қояндарға тап береді. Қылдырықтайдың қорыққанынан зәресі ұшып, көзін жұм ған бойы қарғиды. Қасқырдың дәл төбесіне отыра қалады. Қасқыр басын шайқап қалғанда қоян ұшып кетіп бір бұтаның түбіне жалп ете түседі. Қорыққандығы соншалық—не өлі, не тірі емес, сол арада ұзақ уақыт дем ала алмай қалады. Ақырында ол қараңғы түсісімен бұтаның арасынан шыға салып қашқан бойы үйіне келеді.

—Сен тірісің бе? Біз сені қасқырға жем болды ғой деп ойлап едік,—деп таңданады қояндар.

—Мен кім? Қасқырға жем болатын мен бе?—деп қылды рықтай көкірегін қағады,—мен оның басына қарғып шығып, аяғыммен тепкілеп едім, ол тілін салақтатып құлай кетті. Со дан бері мен оның терісін сыпырып жаңа ғана болдым. Таңырқаған қояндар оған рахмет айтысады:

—Рахмет саған, қылдырық! Біз енді қасқырдан құтылдық.

—Әрине, біз енді одан құтылдық,—деп қылдырықтай да маңғаздана айтады. Бірақ сол сәтте ол жақын жерде қасқыр жоқ па екен деп жан-жағына қарап қояды.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз