Бақташы мен қасқыр
Мысал әңгімелер · 1 мин оқу
Бір бақташының ешкілері бар екен. Көп еңбектеніп жүріп, оларға өзі қора салып, күні-түні күзетумен болыпты. Өйткені ешкілерін ит-құс жеп кете ме деп қорқады ғой. Бақташының бір иті де болыпты. Өзі ұйықтағанда түні бойы тыным таппай үріп, ешкілерді сол сақ иті күзетіп шығады екен. Дегенмен сол қора ны бір аш қасқыр көптен бері торып, құлқыны құрып жүреді екен. Бірақ жақын келуге иттен қорқып жоламайды екен. Қас қыр ақыры бақташының ойына «кінә итте» деген сенімсіздік тудырып, иттің орнын басып, қарнын тойдырудың амалын табады. Сонымен бір күні ол көршілес орманнан бір ешкіні өлтіріп, жартысын жейді де, жартысын бақташының ешкі қорасына апарып тастайды. Содан соң бақташыға келіп: «Ей, бақташы, мен сенің досыңмын, мен әдейі көмектесуге келдім, жүр, қораңда не боп жатқанын қарашы өзің. Итің ешкіңді жеп қойды»,—дейді. Бақташының өзі бір аңқау, сөзге нанғыш адам екен. Көп ойланып жатпастан қасқырға еріп қораға келеді. Сонда не
көрді десеңізші?! Жартылай желінген ешкінің жемтігін көреді де, ешкіні ит жеді дегенге сол жерде нана кетеді. Ашу қысып шоқпарын алған ол итті сілейте соғып, сеспей қатырады да, қора күзетуге сенімді қасқырға тапсырады. Арада бірнеше күн өтпей-ақ, қасқыр бар ешкіні жеп, орманға тайып тұрады.