Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ит, мысық және маймыл

Мысал әңгімелер · 2 мин оқу

Бір адамның иті мен мысығы болыпты. Бір күні әлгі адам қабырғаның қуысына бір кесек нан қойып, шаруаға кетіп қа лады. Мысықтың нан жегісі келіп, қуыстағы тақтаға шығады да, байқамай нанды жерге түсіріп алады. Тасыр-тұсыр дауысты естіп, ит те жүгіріп келеді. Сол жерде мысық жерге секіріп түседі де, екеуі нанды бірінен бірі тартып алмақшы болып, жанжалдаса кетеді. Қораның тас қоймасында өрмелеп келе жатқан маймыл айғайды естіп, тоқтай қалады да:

—Неге жанжалдастыңдар,—деп сұрайды. Ит:

—Қожамыз қабырғаның қуысына нан қалдырып кеткен еді. Мына оңбаған мысық қағып жерге түсіріп жіберіп, түгелдей жалғыз өзі жемекші болып тұр. Бірақ мен онысына көнбеймін,—дейді. Сонда мысық тұрып:

—Нанды тақтайдан жылжыта-жылжыта әбден шаршадым, бермеймін бұл оңбаған итке,—дейді. Екеуінің сөзін тыңдап болған маймыл:

—Наннан ары кеткендер, мен екеуіңді татуластырамын,— дейді. Ит пен мысық оның айтқанына көнеді де, маймыл қойма дан секіріп түсіп, үйден таразы алып келеді. Сонан соң нанға жақындай отырып:

—Жанжалдасудың қажеті жоқ, мен қазір нанды екеуіңе бірдей тең бөліп беремін,—дейді.

Ит пен мысық бұған да көнеді. Сонда маймыл нанның бірін үлкен етіп, енді бірін кіші етіп бөледі де, таразының табағына салады. Нанның кішкене бөлігі салынған табақ көтеріледі де, үлкен бөлек жағы басылып кетеді. Сөйтіп, екеуін енді теңес тіру керек болған соң, маймыл нанның үлкен бөлігінен ептеп үзіп алады да, ауызына сала береді. Осылай үзіп жей-жей табақ жоғары көтеріледі. Енді екінші жағы басылып кетеді. Сөйтіп, біресе ана табақтан, біресе мына табақтан үзгілей отырып, маймыл бір табақ әбден босап, екінші табақта болмашы ғана нан қалғанша жейді. Маймыл енді сол титтей нанды қолына алады да, ит пен мысыққа:

—Шынында осындай мардымсыз нәрсеге бола жанжалда судың жөні бар ма? Ешқайсыңның көңіліңе келмеуі үшін міне, мен-ақ жеп қояйын,—дейді. Сонымен, маймыл нанның ақырғы түйірін де қылғып салып, тайып тұрады. Сөйтіп, ит пен мысық сімпейіп құр қала береді.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз