Түйе, арыстан, қасқыр және түлкі (1-бөлім)
Мысал әңгімелер · 2 мин оқу
Түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге
кездеседі.
—Түйем, қайда барасың?—дейді түлкі.
Түйе:
—Оты мол, суы көп жер іздеп барамын.
Түлкі:
—Ендеше екеуіміз жолдас болайық.
Түйе:
—Болсақ болайық.
Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады.
Қасқыр:
—Е, қайда барасыңдар?—дейді.
Бұлар:
—Оты мол, суыл мол жер іздеп барамыз,—дейді.
—Ендеше үшеуіміз жолдас болайық.
Үшеуі жолдас болып жүріп келе жатса, бір арыстан келіп
кездеседі.
Арыстан:
—Қайда барасыңдар?—деп сұрайды.
Үшеуі:
—Оты мол, суы мол жер іздеп барамыз,—дейді.
Төртеуі жүріп отырып, өзі сулы, биік таулы жерді тауып,
мекен қылып жүреді. Арыстан, қасқыр, түлкілер ұсақ аң,
тышқан аулап жеп жүреді. Түйе жердің оты мен суына жардай
болып семіреді. Қыс болып ұсақ аң таусылып, арыстан, қасқыр,
түлкі үшеуі ашығады. Көздеріне түйеден басқа ештеңе көрін
бейді. Олар түйені жемек болады. Түйе жолдастығын айтып,
жылайды. Сонан соң түйеге біраз күн тиіспей жүреді. Тіпті
әбден ашыққан соң арыстан, қасқыр, түлкі үшеуі ақылдасып,
түйені жемек болып, түйемен сөйлесуге түлкіні жібереді.
Түлкі түйеге келіп:
—Қыс болса мынау, қар жауып, боран соғып тұр. Жердегі
шөптің бәрі қар астында қалды, енді аз күнде сен байқұс аштан
өліп қаласың ғой. Саған жаным ашып, бір ақыл айтқалы
келдім,—дейді.
Түйе:
—Айта ғой,—дейді.
Түлкі:
—Қыс ішінде бүйтіп әрі аштан, әрі суықтан өлгенше өзіңді
бізге сат. Жаз шығып, көктем туғанда сені боталы інген қылып
берейік,—дейді.
Қу түлкінің сөзіне аңқау түйе көніп:
—Жарайды,—дейді.
Ана екеуі:
—Ай...Арсеке! Неге қарап тұрсыз, қимылдаңыз,—дейді.
Сонда арыстан түйені жерге көтеріп соғады, түйенің мойы
ны үзіліп өледі.
Түлкі тұрып:
—Арсеке, сіз деміңізді алып, жата тұрыңыз, біз мұның
терісін сойып болған соң сізге хабар етеміз,—дейді.
Арыстан:
—Олай болса, жақсы,—деп бір жерге барып жатып қала
ды. Түлкі мен қасқыр екеуі тістерімен терісін жыртып, түйені
боршалай бастайды.
Түлкі тұрып қасқырға:
—Әй, Қасеке! Мен бөксе жағын сояйын, сіз бас жағын
сойыңыз,—дейді.
Қасқыр түйенің басының пара-парасын шығарып, терісін
жыртып көз майын шығарып қояды. Түлкі мұны көріп қас
қырға айтады:
—Әй, Қасеке, енді сіз бөксе жағын сойыңыз, мен бас жағын
сояйын,—дейді. Қасқыр барып бөксесін сояды.
Түлкі қасқырға білдірмей, түйенің көз майын ойып жейді
де, қасқырға:
—Сіз алдыңғы аяғын сойыңыз, мен артқы жағына ба
райын,—дейді.
Қасқыр алдына алданып жатқанда, түлкі іш майын суырып
жеп қояды. Тағы да қасқырға:
—Сіз соя тұрыңыз, мен Арсекеңе барып келейін, неғып
жатыр екен?—деп жүгіріп кетеді.
Арыстан түлкіні көріп, жатқан орнынан түрегеліп:
—Сойып болдыңдар ма?—дейді.
Түлкі:
—Сойып болдық, бірақ мен бір нәрседен қорқып келдім,—
дейді.
Арыстан:
—Неден?—деп сұрайды.
Түлкі:
—Қасқыр айтқан шартта тұрмай, түйенің көз майы мен
іш майын жеп қойды. Енді мен соны сізге айтайын деп келіп
едім,—дейді.
Арыстан ашуланып, ақырып қасқырға келеді. Қасқыр
қорыққанынан қаша жөнеледі. Арыстан қуып кетеді. Қасқыр
мен арыстан бір қырдан асып, көрінбей кеткенде түлкі түйенің
бар етін бір шұңқырға апарып тығып қояды. Өзі арыстанның
артынан жүгіріп кете береді.