Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақылды есек

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Ерте кезде бір есек өмір сүріпті. Барлық есектер сияқты ол да дүние жүзінде өзінен басқа ақылды жан жоқ деп есептейді екен. Бір күні есек бауға барады. Қараса биік алма ағашында кішкене қызыл алмалар самсап, ал бау жанындағы бақшада өркендеп жатқан пәлекте үлкен асқабақтар пісіп тұрады. Есек төбесінен төнген алмаларға тағы бір рет көз жібереді де, содан соң аяғының астында жатқан асқабаққа қарайды.

—Дүниедегі заттардың бәрі соншалықты ақымақшылық пен жаратылған!—дейді данышпан есек,—маған ерік берсе ғой, барлығын өз бетімен қайта жасар едім. Бұл сөзді жақын жердегі бұтақта отырған торғай естіп, одан:

—Айтыңызшы, құрметтім, сізге не ұнамай тұр?—деп сұ райды.

—Тіпті, сенің өзің де байқап тұрған жоқсың ба?—деп жауап қайырады есек,—міне, қарашы, мынандай үлкен ағашта баланың жұдырығының үлкендігіндей ғана алма өсіп тұр, ал пәлектің жіп-жіңішке сабағында менің басымнан үлкен асқа бақ зорға ілініп тұр.

—Барлық данышпандықтың өзі осында жатыр,—деп қар сыласады оған торғай.

—Мұнда тұрған қандай даналық бар,—деп ашуланады есек,—егер үлкен алма ағашында асқабақ сияқты үлкен алма өссе, ал пәлектің жіңішке сабағында алма тәрізді кішкентай асқабақ өсіп тұрса, сонда бәрі ақылға қонымды болар еді ғой. Есек солай дейді де, алма ағашқа сүйкеніп қасына бастайды. Осы кезде жоғарыдан бір алма үзіліп кеп есектің басына келіп тиеді.

—Аңқит-аңқит, бейшара басым-ай, деп айғай салады есек. Сонда торғай:

—Құрметті, данышпаным, міне, көрдің бе? Алманың асқа бақтай болмағанына шүкірлік ет, олай болмағанда басыңыздан ешнәрсе қалмаған болар еді,—дейді.

—Солай,—деп есек ыланады да, алма ағаштан аулаққа ке туге асығады.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз