Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шегіртке мен құмырсқа

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Шегіртке ала жаздай ыршып-шұршып, көгалды қойып гүлайтап қызықпен өмірді өткізіпті. Жаз кетіп, жапырақ қу рап күз келгенде сән-салтанаты кетіп қарны аша бастапты. Қар жауып, қыс түскенде жағдайы тіпті мүшкіл болыпты да, құмырсқаға келіп:

—Ағайын ішерге ас, жатарға орын жоқ, маған рақым ете көр,—деп жалбарыныпты. Құмырсқа:

—Ала жаздай ойнап-күлгенде жаз өтерін білмедің бе, жа ның үшін ертеңіңді ойламадың ба?—деп кейістік білдіріпті. Сонда шегіртке:

—Өзің білсең жаздай өлеңнен қолым тимеді, әйтпесе саған жалынбас едім,—деп жауап беріпті.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз