Түйе, арыстан, қасқыр және түлкі (2-бөлім)
Мысал әңгімелер · 2 мин оқу
Арыстан қуалап шаршап келе жатқанда, түлкі оған қарсы
жолығады.
Арыстан түлкіге:
—Қайда барасың?—дейді.
Түлкі:
—Қасқырдың кесірі бәрімізге тиді,—дейді.
Арыстан:
—Неге?—дейді.
Түлкі.
—Сендер кеткен соң түйе: «Мен сендерге сата алмаймын,
мына қылықтарыңа қарағанда, түбінде мені төлемейді екен
сіңдер» деп, терісін жалбыратып, ішегін сүйретіп кетіп
қалды,—дейді.
Арыстан:
—Қай жаққа қарай кетті?
Түлкі:
—Осы қырдан асып кетті.
Арыстан:
—Қап!—деп түйені қуып кетеді.
Түлкі тамағын тойдырып алып келе жатса, бір жерде қас
қыр шаршап, ентігіп жатыр екен. Түлкі қасына жетіп келген
де, қасқыр түлкіге:
—Мені арыстанға шағыстырып жүрген сенсің ғой,—деп
ашуланады.
Түлкі:
—Мені де қуып жіберді, мені кім шағыстырды онда?—
дейді.
Қасқыр бұған нанып:
—Енді қайда барып тұрамыз?—дейді.
Сөйтіп, екеуі келе жатса, алдарында бір жарты құйрық
жатыр екен.
Қасқыр:
—Мұның бір пәлесі бар шығар?—деп жеуден қорқады.
—Сен қорықсаң, өзім жеймін, бүгін базар, мұның не пәлесі
бар дейсің? Жұрт базарға барғанда құйрық арзан болып, арзан
құйрықты көбірек алған шығар, ол қанжығасына бос байлап,
үйіне шауып бара жатқанда түсіп қалған шығар, жеймін,—деп
түлкі қулықпен ұмтылғанда, қасқыр:
—Өзім жеймін!—деп, құйрықты асап қалғанда, астында
қақпан бар екен, қақпанға қасқыр түсіп қалады.
Сонда түлкі:
—Әй, қасеке, шамасы, сіздің етіңізді мен жейтін болдым
ғой,—дейді.
—Қайтіп жейсің?—дейді қасқыр.
Түлкі:
—Ертең қақпанның иесі келсе, сені көріп, теріңді сойып
алып, етіңді тастап кетеді. Сосын оны мен жемей кім жейді?—
дейді де, бір шұқырға тығылып жата береді.
Ертеңінде аңшы келіп қасқырды көріп, терісін сойып алады
да, етін тастап кетеді. Ол кеткен соң, түлкі қасқырдың етін жеп
тойып алады.
Түлкі онан қайтып келе жатқанда, арыстан келіп қалады.
Түлкі мұны көріп:
—Арсеке, қайдан келесіз?—дейді.
Арыстан:
—Мен түйені таба алмадым.
Түлкі:
—Тақсыр, сіздің атаңызды көріп едім, осы тауда аң аулап
жүретін еді. Аңдарды қарғып басып алып жейтұғын еді, мен
соны көріп тұрушы едім,—дейді.
Сонда арыстан:
—Қалайша қарғып алатын еді, сен маған көрсет, мен қар
ғып көрейін.
Түлкі:
—Сіздің тұлғаңыз атаңыздан кем емес екен.
Сонда арыстан кейін шегініп, жүгіріп барып жардың басына
келіп, қорқып тұрғанда.
Түлкі:
—Әй, Асеке, егерде қарғи алсаңыз, нұсқаңыз атаңызға ұқ
сап кетер еді,—дейді.
Сол уақытта жардың астына бір киік келіп қалады. Арыс
тан соған қарғып түскенде, сүйектері күл-парша болады. Сонда
түлкі келіп:
—Арсеке, бір жеріңіз ауырып қалды ма?—деп сұрайды.
Арыстан:
—Сүйекте сынбаған сүйек жоқ,—дейді.
Түлкі мұның қимылдауға шамасының келмейтінін біліп,
қоң етін ойып жеп жатады.
Арыстан:
—Әй, түлкі алдымен көз майымды жеші,—дейді.
Түлкі:
—Арсеке, несіне асығасың, бұйыртса, сенің барлық майың
ды жейтін болдым ғой,—дейді.
Арыстанды және жеп, түлкі қу қыстан аман шығады.