Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Гүл мен бұлбұл

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Бір шаруаның асқан ғажайып бағы болған екен. Сол бақтың ішінде балбыраған бір шоқ әсем гүл өсіп тұрыпты. Күн сайын таңертең шешегін жарып ашылған гүлге қарап бағбан тамашалайды екен. Бір күні гүлдерін тамашалауға келген бағбан бұтаққа қонып құйқылжыта сайрап отырған бір бұлбұлды көреді. Бұлбұл сайрап отырады да, гүлдің шешегіне сүйір тұмсығын сұғып жіберіп, қып-қызыл гүлдің түте-түтесін шығарады. Гүлді оның осылайша бүлдіргеніне іші удай ашы ған бағбан бұлбұлдың сазайын тарттырмақ болады. Сөйтіп, ол жолға тор құрып ішіне жем шашып, бұлбұлды ұстап алады да, қапасқа қамап тастайды. Сонда бұлбұл аузын ашып бағбанға сөйлеп қоя береді:

—Ей, бағбан! Еріккендіктің жаршысы мені қапасқа неге қамап қойдың. Егер әсем әнімді тыңдағың келсе, менің ұям бағыңда емес пе?! Ал басқа себебің болса, баяндашы, мен оныңа көнейін де, мәңгі бақи үнімді өшірейін.

—Сен өз істегеніңді білмейсің бе?—деп жауап қайтарды шаруа,—сен гүлді солдырдың, мен үшін бұл үлкен қасірет. Менің бар өмірім сол гүлде болатын.

—Кешір,—дейді бұлбұл,—егер мен гүлге бейнет, саған қасі рет әкелген болсам, онда өзіме обал жоқ. Қапасқа-ақ отырайын. Бұлбұлдың сөзіне сүйініп кеткен шаруа оны қоя береді. Бұлбұл шаруаға алғыс жаудырып:

—Сен менің ағаттығымды кешірдің, жақсылығыңды жақ сылықпен қайтарамын. Бері қара, мына ағаштың түбінде алтын

ақшаға толған бір құмыра көмулі жатыр, бар да соны қазып ал,—дейді. Шаруа ағаштың түбін қазып жіберіп, әлгі құмыраны тауып алған соң, бұлбұлға:

—Қайран, бұлбұл! Жер астындағы құмыраны көре білсең де, жер бетіндегі торды көре білмегенің-ай!—дейді.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз