Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әтеш пен қорқаулар

Мысал әңгімелер · 2 мин оқу

Бір күні әтеш қорқаулардың үйіріне тап болады. Жанын қалай аман алып қаларын білмей абыржыған ол қорқауларға жарамсақтанып:

—Мырзалар! Өз нәсілдеріңе лайықты әділетті бола көріңдер!—дейді,—аңдар арасында сендерден әділеттісі жоқ қой. Мынадай тағы бір артық қасиеттерің де бар: нәсілдерің жыртқыштар нәсіліне жатқанымен, бірақ ешқайсыларың еш уақытта да жазықсыз жанды өлтіріп көрген емессіңдер. Әтештің сөзін естігеннен кейін қорқаулар ұялып, қысы лып қалады. Қандай кінә тағуды ойлай бастайды. Бір қорқау тұрып:

—Өмірі сенен бір тыныштық жоқ, түн сайын қоқылдап шақырасың да жатасың, ешкімге ұйқы бермейсің. Көптің тыныштығы үшін сені өлтіру керек,—дейді. Әтеш бұған не десін. Үрейі ұшып кетеді. Дегенмен, өзі бір өжет әтеш екен, есін жиып алып, ол:

—Әділеттілер! Ождандарыңмен айтыңдаршы!—дейді,—түн сайын шу шығарып жұртқа ұйқы бермейтін мен бе, әлде сендер ме осы? Мен болсам жұрт ұйқыдан оянар шақта айқайлаймын. Мен жұрт ертерек тұрып намазын оқып, шаруаларына кіріс сін деп оятамын. Менің арсыздығымды кешіріңдер, сендердің қандай мазасыз екендеріңді жұрттың бәрі де біледі ғой. Тіпті, кешке жақын қас қарайысымен бар қорқау жортылуға бірге шығады да, біреуі «менің әкем сұлтан болған!» деп айғайлайды. Екіншісі оған: «Саған келері не?» деп жауап қайырады. Осы кезде бірін-бірі тыңдамай: «саған келері не, саған келері не?» деп шуылдасады. Аяғы шудан құлағың тонады. Бұған қорқаулар не жауап қатсын, ештеңе де айта алмапты. Сонда олар әтешті арсыз деп айыптап, енді ғана жейін деп жатқанда кенеттен қасқыр келе қалыпты:

Әтеш оған:

—Қасқыр, тақсыр! Әділеттілігіңізді тым болмаса сіз айты ңызшы. Қайсымыздың күнәміз көбірек, менің бе, әлде, мы налардың ба?—дейді. Даудың себебін біліп алған қасқыр, сонда:

—Қорқаулар ымыртта шуласа, сен таңға жақын қиқулай сың. Сондықтан сен де, олар да бәрің де кінәлісіңдер, бәрің де өлім жазасына лайықтысыңдар,—дейді. Сөйтіп, қасқыр бәрін де тас-талқан қып жемек болып жатқанда, қайдан шыққаны белгісіз бір жолбарыс келе қалып ты да, әтештің де, қорқаулардың да, қасқырдың да зәресі ұшып, бет-бетімен түгел түп-түгел тым-тырақай болыпты.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз