Ат пен өгіз
Мысал әңгімелер · 2 мин оқу
Ат пен өгіз көгалда бірге жайылып жүрген екен. Бір кезде ат өгізге жиіркене қарапты да:
—Ей, сорлы жер жыртушы! Менімен бірге қалайша жайы лып жүрсің, өгіз? Аулақ ары! Жөнел арман!—депті. Өгіз бұған қатты ашуланғанымен, кек көрмей:
—Бауырым, өзіңді сонша зор санап, мені сонша қор тұтқа ның қалай?—деп сұрапты.
—Қалай сен өзің немене, менің үстіме жұрттың алтын, күміс, асыл тастарымен әшекейленген әдемі тұрман таққандығын, шынымен-ақ, көрмей жүрмісің?—депті ат екіленіп,—үстіме
патшаның өзі мініп, жалымды тарап, мадақтап, мәпеледі. Сондай бір жүйрік, пайдалы жануармын өзім! Ал сен несің? Патшаның саған тіпті қарағысы келсе не дейсің?
—Осыңның бәрі де рас!—деп міңгірлеп қойыпты өгіз,— әйтсе де, сенен көрі мен пайдалырақпын. Жүйрік болма ғаныммен оның есесіне мен мықтымын! Егер мен жер жырт пасам, құдықтан су тасып, егінді суармасам, қырмандағы астықты бастырып, астық тиеген арбаны қалаға жеткізбесем, диірменнің тасын айналдырып ұн тартпасам, сен түгіл сенің үстіңдегі асыл текті патшаң да аштыққа қалған болар еді. Мен өзімнің адал еңбегіммен күллі әлемді күйіндіріп, асырапсақтап жүрмін!
—Ой, арсыз неме!—деп даурығыпты ат,—тантыма беталды! Әйтпесе, ішке бір теуіп қампайған қарныңды жара саламын! Өгізде қарап қалмай, аттың қияңқылығына қияңқылық пен жауап қайтарыпты. Енді кішкене кешіксе, сойқанның болатыны сөзсіз еді. Бірақ жақын жерде піл жүр екен. Ол керілдескендердің қасына келіп, даудың мән-жайын біліп алған соң:
—Ей, мисыздар-ай! Бекерге таласасыңдар, екеулерің де өз-өздеріңше пайдалысыңдар. Жылқы бауырым, сен бір қара! Сенің істегеніңді өгіздің істей алмайтыны секілді, сен де оның орнын баса алмайсың. Сен адамға қызмет етсең, өгіз де оған аянбай еңбек сіңірді. Сол сықылды, өзге үй жануарлары да пайдасын тигізеді. Ал, енді сенің мақтанғаның барып тұрған бос сөз, керісті қойыңдар! Барыңдар да, әрқайсың өз істеріңді біліңдер!—депті. Осы сөзді естісімен-ақ ол екеуі пілдің айтқандарының дұрыс екенін ұғынып, қатты ойлапты. Еңбек еткен әркімнің адамға өзінше пайда келтіретінін ұғыныпты да, ат содан кейін еш уақытта мақтанбайтын, ешкімді өзінен кем көрмейтін болыпты.