Өгіз бен бақа (4-бөлім)
Мысал әңгімелер · 2 мин оқу
9. «Екі суайт», «Әңгімені ел ішінен жазып алып». Өтіріктер ді ӘӨИ-дің Қолжазба қорында 1967 жылы қорға тапсырған— Қалжан Тұңғышбаев. Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазба негізінде (674бума, 1-дәп., 1-б.) дайындалды. 10-43. Қыз бен тазша... Томға ұсынылып отырған мәтіндер «Өтірік әңгімелер» (/Құрастырған Қарта Қаңтарбайұлы.—Ал маты: «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы», 1962) атты жинақтан алынды. ІІ. МЫСАЛДАР І. МЫСАЛ ӨЛЕҢ 1. «Жолбарыс мінген ұры». Өлең 1970 жылы ұйымдас тырылған «Түркістан қазақтарының ауыз әдебиетін жинау экспедициясы» барысында жазылып алынған. ӘӨИ-дің Қол жазба қорына тапсырған—экспедиция жетекшісі, профессор Қ.Саттаров. Томға ұсынылған мәтін түпнұсқадан (920/7-бума) өзгертусіз алынды. 2. «Ат пен Есек». Өлеңді 1991 жылғы Қыдырәлі Саттаров басқарған «Мырзашөл» фольклор экспедициясы кезінде Қуаныш Асылбаевтың айтуынан жазылып алынып, ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырылған. Томға мәтін қолжазба негізінде (920/71-бума, 43-б.) дайын далды. 3. «Қақпанды қасқыр». Туынды Қ.Саттаровтың 19741976 жылдар аралығында Бұхара облысынан ауыз әдебиеті үлгілері мен фольклорлық мұраларды жинау экспедициясы
кезінде хатқа түсірілген. ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (920/78бума, 142-б.) сақтаулы. Томға мәтін түпнұсқа негізінде өзгеріссіз дайындалды. 4-5. «Қара қоңыз», «Төрт дос». Мысал өлеңдерді 1959 жы лы «Қызылорда экспедициясы» барысында Тұрмағамбет Ізтілеуовтың ұлы Әбдірәуіп Тұрмағамбетовтен жазып алған— белгілі фольклортанушы Мардан Байділдаев. Кеңсе қағазына машинкаға басылған туындылар ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (405-бума, 1, 2-дәп.) сақтаулы. Томға мәтіндер қолжазбалар негізінде ұсынылды. 6. «Қой мен қасқыр». Оқушы дәптеріне жазылған туынды ның қолжазбасын 1961 жылы ұйымдастырылған «Қызылорда экспедициясы» кезінде Құлмұрзаев Молдағали деген азамат тапсырған. Томға мәтін сол қолжазбаның негізінде (ӘӨИ. 312-бума, 1-дәп.) әзірленді. 7. «Қамаудағы жолбарыс пен шошқа». Өлеңнің мәтіні ӘӨИдің Қолжазба қорында (315-бума, 7-дәп., 148-б.) сақталған. Қол жазбаны 1958 жылы қорға тапсырған—Тәкежанов Құсайын. Томға мәтін түпнұсқа негізінде әзірленді. 8-10. «Қасқыр мен тырна», «Бұлбұл мен есек», «Орманнан қасқыр келді елге қашып». Туындыларды ел ішінен жазып алып, ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған—белгілі ақын, жыршы, халық мұраларын жинаушы Мәзқожаев Рахмет. Бұл азамат 1958-1962 жылдары аралығында Қазақстанның оңтүстік өңірінен 60 мың жолдан астам фольклорлық мұралар мен авторлық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, ОҒК мен ӘӨИ-дің сирек қорларының толығуына зор үлес қосқандығы ғылыми ортаға мәлім. Томға мәтіндер ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақталған түп нұсқаның негізінде (333-бума, 7-дәп.) әзірленді.