Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Орақ билән Мамай батырдың хикаясы (8-бөлім)

Орақ-Мамай · Қазан басылымы, 1903 · 2 мин оқу

Ақ дәретін алады,
Аққа мойнын салады.
Ақ дәретін алған соң,
Қақырайған қабырға
Орнына түсіп барады.
«Иә, Алла» деп сыйынып,
Қайтадан атқа мінеді.
«Қалдым Жөке қапыда»,—деп,
Хан Жөкенің алдына
Қарасай жетіп барады.
—Ендігі кезек сенікі,—деп,
Хан Жүке қарап тұрады.
Кезегін Қарасай алады,
Қорамсаққа қол салды,
Көп оғына жол салды,
Қозы жауырын оқ алды
Атайын деп оңалды.
Батырдың атқан қол оғы
Тасқа тиген немедей
Қайрылып оғы қалады.
Қандауызға қол салды,
Мылтықпенен атады,
Домаланып оғы қалады.
Найзаменен салысты,
Қармақ болып қалысты.
Балтаменен шабысты,
Ұңғысынан сынып қалысты.
Ат үстінде алысты,
Жағаласып салысты.
«Атқа обал болар» деп,
Екеуі жаяу алысты.
Алысқан жерін қарасаң,
Жар болысып қалысты.
Жеті күн жатып атысып,
Өлдім-талдым дегенде,
Күн сегіз күн болғанда,
Көтеріп жауды алады,
Ауызынан салады,
Қанын ұрттап алады.
Батыр туған Қарасай
Балакерге мінеді,
Қалмаққа сонда тиеді.
Мың болмақ түгіл сан болсын,
Жеті күн жатып атысып,
Қалмақты сонда қырады.
Қақпадан оғын зырғытып,
Шарбақтан тұлпар ырғытып,
Және бір және атысып,
Әбден қырып болады.
Толып жатқан малменен,
Қыбырлаған жанменен,
Есендікте-саулықта,
Амандықта, барлықта,
Қалмақтың елін шулатып,
Күн-түн қатып жүреді.
Еңсесі биік ордаға
Қарасай деген батырың
Еңсесін соғып енеді.
Ақ ордаға кіреді,
Мамайға сәлем береді.
«Құлыным» деп жылайды
Тоқсан бесте Қараүлек.
«Қарағым аман келді ме,
Қарағым аман келді»,—деп,
Еңіреп қоя береді.
Атасы менен анасы,
Аман келді баласы.
Қарасайдай батырға
Көзін салып жүріпті
Дұғана бүркіт бабасы.
«Үркіп кеткен ноғайдың
Артынан қуып барам»,—деп,
Ойлады балам шамасы.
Балакерге мінеді,
Тастамай қару алады.
Үркіп кеткен ноғайдың
Артынан қуып келеді.
Ханы менен қарасын,
Биі менен шорасын,
Бәрін жинап алады.
Алдына сыйлап барады,
Татуласып ноғайменен
Қайтадан алып келеді.
Қонысына көп ноғай
Және де қайтып қонады.
Айғыр сойып ақыртып,
Түйе сойып бақыртып,
Халқын жинап алады.
Әкесі екен хан Орақ
Қарасай балшық салады.
Қалмақтармен қас болып,
1230 Мұсылманға бас болып,
Отыз ұлынан Мұсаның,
Тұла бойы тұңғышы—
Сексен төртте хан Мамай
Мұратқа жетіп барады,
Әнекеи, Мамай болады.

Орақ-Мамай

Барлығы: 23 жыр

Тағы оқыңыз