Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Орақ билән Мамай батырдың хикаясы (5-бөлім)

Орақ-Мамай · Қазан басылымы, 1903 · 2 мин оқу

Тірі де болса атаңды
Өзің барып ал деймін.
Өлі де болса атаңның
Сүйегін барып ал деймін.
Ұстап та кеткен атаңды
Соңынан қуып бар деймін.
Сонда Қарасай сөйледі:
—Қуар едім соңынан,
Тартар едім жаудың қоңынан,
Астыма мінер атым жоқ,
Үстіме киер киім жоқ,
Үсті-басым ақ шаңдақ,
Асықтың жүрмін соңынан,
Шешеке, менің киімім жоқ.
Сорлы болған Қараүлек
Көтеріп басын алады:
—Өлгенде көрген балам-ай,
Мен бір берен анаң-ай.
Толғау деген қиын ба,
Киім деген бұйым ба?
Тұлпарын тауып берейін,
Қарасай, ерер соңыма.
Қарасай батыр ереді,
Соңынан еріп келеді.
Еңсесі биік ордаға
Еңсесін соғып енеді.
Табамын деп кемпір тұлпарды,
Құрмаменен жаратқан,
Алмаменен ойнатқан,
Алтыннан жабу жабады.
Күмістен сулық соғады,
Жібектен арқан тағады,
Алтыннан қазық қағады.
Балакер деген тұлпарды
Жетектеп алып келеді.
—Ер Қарасай, Қарасай,
Қанды Орақтың баласы,
Балакер деген тұлпарды
Алып келдім мен саған
Сапарыңа жараса-ай.
Өзі кескен ой болат,
Орай, белге алады.
Бадана көзді ақ сауыт
Үстіне іле киеді,
Балакерге мінеді.
Көлден шыққан жыландай,
Көтерілген арысландай
Батыр туған Қарасай
Үйден шығып барады.
Тоқсан бесте жасы бар,
Аппақ болған шашы бар.
Арыздасып қалам деп,
Айқайлап дауыс салады.
Айқайлаған дауысын
Қарасай батыр есітіп,
Тұра қалды деп еді.
Өлгенде көрген балам-ай,
Мен бір берен анаң-ай.
Һәр тарыққан жерінде,
Кешегі Орақ пенен Мамай атаң
«Қой, хош, аман!»—деп,
Қарасай жауға жөнелді.
«Шу, жануар, шу» деді,
«Шулегенде» гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Қаздарменен қағысып,
Қу-үйрекпен жарысып,
Үстіндегі Қарасай
Әруақ қысып барады.
Көбігі шығып сауырынан,
Тер тамшылап барады.
Біраз жерге келген соң,
Бір қарайған нәрсе көреді-ай.
Қараны көріп жымиып,
Қарасай жетіп келеді.
Жетіп келсе қасына,
Құлақ-мұрны тесулі,
Таңқита мұрны кесулі,
Темірханның жолдасы
Ханбике залым сол екен.
«Қарасай қашан келер» деп,
Қарауыл қарап жүр екен.
Қарасайды көрген соң,
Ханбике пұшық сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Әй, ноғай сың, ноғай сың,
Аламын десем оңай сың.
Аламайын десем, сен өзің,
Ел шетіне елбектеп,
Жау шетінде көлбектеп,
Біздің елден қаңғырып,
Қай сапарға барасың?
Алдымдағы баласың,
Оттай қаулап жанасың.
Төскейден төмен желесің,
Қимылдасаң өлесің.
Өлмей тұрып жөніңді айт,
Қай сапардан келесің?
Сонда Қарасай сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Әй, қалмағым, қалмағым,
Ар жағыңа қарасам,
Масаққадай сары далаң-ай.
Бер жағыңа қарасам,
Шойын менен темірден
Шыңдап соққан қалаң-ай.
Қызыққа шығып қарайды
Қатын менен балаң-ай.
Жөкеменен байлаған,
Жыңғылменен айдаған.
Қара нанды білем—деп,
Күйсең—күйсең шайнаған.
Алдыр-былдыр сөйлеген,
Тіліңді адам білмеген.
«Илла Алла» демеген,
Кәлимаға тілің келмеген,
Не дейсің, бәлем, қалмағым?
Таразыға түскенде,
Қорғасындай басың-ай,
Тастан ауыр салмағың.
Жеті атамнан шынжырлы,
Айырылмаған қалмақтан,
Жезден соққан қармағым.
Сендей-сендей қалмақты
Шөптен оңай алмағым.
Әкеңнің құны бар ма еді,
Мамайды ұстап алғандай,
Арбаға жаяу салғандай?!

Орақ-Мамай

Барлығы: 23 жыр

Тағы оқыңыз