Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Орақ—Мамай (6-бөлім)

Орақ-Мамай · Орынбасар Оңғарбайұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Әне, бұл Орақ айдап, қызылбастың қаласын өзіне айдатып, қыз бен келіншектерін өзіне-өзін байлатып, айдап келе жатырғанда, алдынан ноғайлының батыры шықты. Жер Сидақ пен Топаяқ өзінің тумалары алдынан шығып, Орақты көріп, қошеметтеп айтқан сөзі екен дейді. Топаяқ барып айтып тұр екен,—дейді.

—Әй, айналайын, жан аға,
Сен де тудың атадан,
Біз де тудық атадан.
Сені бір артық жаратты-ай,
Бізді Құдай нашар жаратты-ай.
Алып келген олжаңнан
Бізге де, ау, аға бер,—деді.
Орақ сонда сөйлейді-ай,
Сөйлегенде не дейді-ау:
—Айналайын, Топаяқ,
Алып келдім отыз қыз,
Қалағаның ал,—деді-ай,
Қазынама қол сал,—дейді-ай.
Біздің үйде жүре бер,
Шаршасаң тұлпар міне бер.
Ей, тұлпар атқа мінерсің,
Қолыңа найза аларсың,
Сен де ерлік құрарсың.
Дүниенің жүзінде—ай,
Аман да жүрсең Топаяқ,
Кем болмайсың қатардан-ай.
Атаңа нәлет Топаяқ,
Жамандығын білдірмей,
Айдап келген қыздардан
Үшеуін таңдап алады.
Айдап келген жылқыдан
Екі-үш тұлпар алады.
Орақпен еріп-ай келеді,
Отыменен кіреді,
Суыменен шығады.
Бір күндері болғанда-ай,
Әй, тоқалдан туған жамандар
Жатып кеңесті-ай,
Кеңескенде не десті-ай:
—Қырық жыл атқа мінбедік,
Қызыл шапан кимедік.
Бұл Орақтың тұсында-ау
Қызықты дәурен сүрмедік.
Орақты мына-ай өлтіріп,
Тұлпар атқа мінелік,
Біз де жадта қалайық.
Осыны айтып-ай жер Сидақ
Ақыл бір айла табады.
Ұйықтапты-ау жатқан жерінде,
Алтыннан соққан-ай ақ алмас,
Керегеде тұрғанда,
Топаяқ ұрлап алады,
Есігіне-ау құрады.
«Жау келді-ау! Орақ аттан»!—деп,
Дүрсілдетіп ауылдың, үстінен,
Жылқыны айқайлап салып қуады.
Айқайлаған дауысын,
Ұрандаған-ай дыбысын,
Жүгіріп Орақ үйден жөнелді-ау,
Сонда Қарашаш етегінен тартады-ау,
—Тоқта, батыр, тоқта,—деп.
Ақ сауытты киіп кет,
Қосыл бір суын құйып кет,
Әлде бір қандай болар,—деп.
Тыңдамады-ау, ер Орақ,
Жүгіре шықты есіктен.
Кеудесі сыртқа шығады-ау,
Бөксесі-ай қалды есікте-ай.
Ортасынан-ай бөлініп,
Орақта-ай жатып қалады.
Орақтың-ай досты Ақмырза,
Түнде бір жатып түс көрді-ай,
Түсінде жаман іс көрді-ай.
Бұл түсінде қараса,
Ей, көп қарақұс жиналып,
Бір ақсұңқар құсты қуып жүр,
Үстіне-ай төніп үйіп жүр.
Мұны бір көріп Ақмырза,
Ояна білсе түсі екен.
«Батыр Орақ болмасын» деп,
Жүгіріп үйден шығады.
Орақ жатқан ақ ордаға,
Жүгіріп-ай Ақмырза келеді-ай.
Бөлініп жатқан Орақты-ай,
Өз көзімен көреді-ау,
Ақмырза жылай береді-ай:
—Айналайын, Орағым,
Жаусыз жерде жарағым,
Енді бір бізге күн қайда
Тұлпар атқа мінетін,
Жасанған жауға тиетін.
Бұрынғыдай күн қайда-ай?!
Атаңа бір нәлет-ай,
Жиырма сегіз жаман боқ
Қапысын тауып өлтіріп,
Арманда-ай кеттің, құрдасжан-ай.
Сонда бір Орақ сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Ақмырза, достым, сен,—дейді,
Сөзіме құлақ сал,—деді.
Қызуы өтіп барады-ай,
Зібаным тілде тұрғанда-ай.
Қарүлекке бара гөр,
Оған да хабар сала гөр.
Көпті көрген көне еді-ай,
Жол білгіш маман ер еді-ай,
Дүниенің жүзінде-ай.
Қаланы бұзып, ханды алдым,
Ортадан шауып олжа алдым.
Сонда дағы-ау мынау Мамайды,
Өгіз таудың басында
Өгіз ханды-ау өлтіріп,
Орнына-ай тіктеп хан қойдым.
Күлер ме екен Мамай деп,
Күлдіремін деп едім.
Сонда бір Мамай күлмеді-ау,
Күлгенін көзім көрмеді-ау.
Ай, күлер ме екен Мамай деп,
Ноғайлының жұртынан
Үш сұлу алып мен бердім.
Сонда бір Мамай күлмеді-ау,
Күлгенін көзім көрмеді.

Орақ-Мамай

Барлығы: 23 жыр

Тағы оқыңыз