Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ер Қосай (7-бөлім)

Ер Қосай · А. Хангелдин нұсқасы · 2 мин оқу

Сонда Қодар сөйледі:
—Сарқырап аққан бұлағым,
Ат мінемін дегенге
Ербиіп еді құлағым.
Ат табылмас деп пе едің,
Арқалап жүрген қонағым?
Жеті атаңның жеті аты,
Жау қолына айналмай,
Кіріптар болып байланбай,
Тасбұлақтың басында
Мекен қылып жүр еді.
Кісі атына асылма,
Кісі атына асылсаң,
Дұшпан шығар басыңа!
Ерін салды қойнына,
Қосайды салды мойнына.
Азығына нан алды,
«Шырағым шөлдеп қалар» деп,
Торсыққа құйып бал алды.
Арқалап алып жөнелді
Тасбұлақтың басына.
Арада он күн қонады,
Және бір күн болғанда,
Тасбұлаққа келеді.

Жеті атасының жеті аты Тасбұлақтың басында мекен қылып жүреді екен, бір жолмен шұбырып су ішеді екен, жолы аттың бауырынан қазылып қалған екен. Сонда Қодар айтты:—Мынау аттың келетін жолы, мынау шығатын жолы,—деді. Осы бұлақтың басына сені жасырып қоямын. Мен басқа жерге жатамын. Аяқ тұзақ салып, біреуіне жабысып қал,—деді. Қодар сүйтіп далаға кетті.

Күн сәскеге келгенде,
Алты ат аңырап келеді.
Баланың исін алады,
Жолдан шығып кетеді.
«Бұлақ есіз қалады,
Жамандатқыр қалай» деп,
Қодар жалт-жалт қарады.
Алты ат кетіп қалған соң,
Бір сарғыш ат келеді
Жауған күндей сіркіреп,
Жарылған жердей күркіреп,
Бір ернімен жер тіреп,
Бір ернімен көк тіреп.
Үркер, қорқар мал емес,
Бұлаққа басын салады.
Жазды күнгі бұлаққа
Көзіне дейін малады.
Көзі суда жатқанда,
Арқан салып мойнына,
Бала күрмеп алады.
Сары ат шошып кетеді,
Аспанға көзін тігеді,
Төрт аяғын бүгеді,
Ат аспанға қарғиды.
Аспанға шыққан сары атты,
Қосай жұлқып жерге алады,
Абдыратты баланы.
—Қодар мұндар қайда?—деп,
Төңірекке қарады.
Төңірекке қараса,
Киімін тастап тайрақтап,
Төте жолмен ойнақтап,
Келеді Қодар алақтап.
Құл келді де қағысты,
Қыл құйрыққа жабысты.
Батыр болған ер жігіт
Қарағай найза таянды.
Таң намазға оянды,
Қодекеңнің екі қолы
Қыл құйрыққа таянды.
—Қоя бер, Қосай, қоя бер,
Менен кетер қайда?—деп,
Бүгерлеп жата қалады.
Сонда Қодар сөйлейді:
—Ойбай, Сары ат, ай, Сары ат,
Мен деп үркіп жүрмісің,
Қосайдың түстің қолына.
Жеті ерден қалған ер Қосай
Қарамай мінер қоңыңа,
Желің тұрды оңыңа.

Аузы-басы қыбырлап,
Ат сөйледі сыбырлап:
—Арманым жоқ Құдайға,
Қосайдың түстім қолына.
Жасым келді он беске,
Қарамаймын қоңыма,
Мойынымда тұмар бар.
Нар Бөкше ердің аты едім,
Анау алты ат ішінде
Менен асар жылқы жоқ.
Аяғын екі басырмай,
Бір төбеден асырмай,
Бойын жазып қашырмай,
Алты атты бағып жүр едім.
Қосай қашан өсер,—деп,
Мені қашан мінер,—деп,
Мен қасқа соны әзірлеп,
Арық болып жүр едім.

Сонда Қосай сөйлейді:
—А, Қодеке, Қодеке,
Сарғыш атқа мініп ал,
Қайың құрық қолыңа ал.
Анау кеткен алты атты
О да біздің мал екен—
Біреуіне қолың сал!
Сонда Қодар сөйлейді:
—Баға берсем болмай ма,
Ерден қалған жетімді?
«Маған билік тиді»,—деп,
Жаңылармын нетімді.
Күйелерім бетімді,
Ерлер мінген тұлпарға
Мен тигізбен етімді.
Енді екеуі Сары атты
Мінгесіп алып жүреді.
Отыз аршын Қодарды
Тұмақ құрлы көрмейді.
Заулай ұшып,
Ноғайлының шетіне келеді.
Бір адамды ұстап алып,
Ноғайлыға жіберді.

Тағы оқыңыз