Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ер Қосай (12-бөлім)

Ер Қосай · А. Хангелдин нұсқасы · 2 мин оқу

Қосай мен Қодар қалмақтың малын айдап кетіп бара жатса, артынан бір айқайлаған дауыс келеді:

—Қосай жетім, қайдасың,
Айдама менің малымды,
Шулатпа кемпір, шалымды?!
Менің балам Қараман
Теспей сорар қаныңды
Шырқыратып жаныңды,
Өлмей қалмас соңыңнан.
Сонда Қодар есітіп,
Көп қолдан барып сұраса,
«Қараманның шешесі—
Қоламбай кемпір»—десіпті.
Қодекең енді қуады,
Кемпір мінген желмая
Жоғала қалды зым-зия.
Қодекең қуып, ол қашты,
Қодекеңнің аузына
Қос уыстап құм шашты.
Егер қолға түскенде,
Қылар еді бір қия.

Сонда ол Қараман отыз ауыл Орақты, алпыс ауыл Мамайды жебір-жесір қылып шауып алып келе жатыр екен. Қосай барғанда Қараман ауылында жоқ екен, сонда шешесі барып Қараманға сөйлеп жатыр:

—А, Қараман, Қараман,
Бес мың қолмен сен кеттің,
Сен кеткен соң жау жетті.
Бұлаңдаған мырзаңды
Балықтай түйреп аунатты.
Қосай бұзды қалаңды,
Шулатты қатын, балаңды,
Қоймады баспақ, танаңды.
Өз-өзгесін кәйтейін,
Аламын деп ит Қодар
Артынан қуды-ау анаңды.
Шапшаңырақ жете көр,
Қойып басқа алаңды.
Қартайғанда тояр ем
Ер Қосайдың етіне,
Берсін Құдай ниетіңе.
Қорқыратып шалмасаң,
Қанын сорып алмасаң,
Риза емен Қараман ісіңе!
Тақтаболат, Тасболат,
Өлтірді екі батырды,
Мәнісіне келтірді.
Маңыраған қойдай шулатты
Жетім менен жесірді.
Сен де барып, Қараман,
Алдынан шығар кесірді.

Енді Қараман бес жүз кісімен қуайын деп жатыр. Сонда Қосай өзінің қырық жігітіне айтқан сөзі:

—А, қырық жігіт, қырық жігіт,
Басыңды көтер, тұр, жігіт,
Мен қалмақтан ер алдым,
Не бір сұлу жар алдым,
Дулыға өркеш нар алдым.
Орыныңнан тұрыңдар,
Таласпай бөліп алыңдар.
Жалғыз-ақ ар менікі,
Осының бәрі сенікі!

Сонда кейін ер Қосай Қодарға келіп сөйлейді. Сөйлегенде бүй деді:

—А, Қодеке, Қодеке,
Келінің түсті есіме,
Артыңнан келіп Қараман
Қылар ма кесір күшіңе?
Қодекең сонда сөйледі:
—Жүре бер, Қосай, жүре бер,
Мен мойнымды бұрайын,
Алладан пәрмен сұрайын.
Өзімдей құлға мал берсем,
Қабыландығымды ұрайын!
Енді Қосай сол жерде
Аулына қарай озады.
Жеңсіз берен киінді,
Лашын құстай шүйілді,
Қабағын тастай түйінді.
Астындағы Сарғыш ат
«Айт, жануар!»—деп еді,
Құбылып ойнап жөнелді.
Ақ көбендей орғытып,
Желе аяңдап жорытып,
Сары ат заулап келеді.
Ақ бөкендей жосады,
О төбенің тозаңын
Бұ төбеге қосады.
Қарабай мен көкқұтан
Көтеріліп ұшқанша,
Алдынан орап басады
Баяғы шабыс қалады.
Тер бойына тарады,
Мақтау атқа жарады.
Астындағы Сары аттың
Көкте екенін білмеді,
Жерде екенін білмеді,
Қос қанатын сермеді,
Пыр-пырлап ұшып жөнелді,
Әлде өтірік, әлде рас,
Мен жоқ едім қасында.
Айна бесін болғанда,
Батырың елге құлады.

Сонда Сары ат айтады:—Қосай, мен сені алты айшылық жолдан бір күнде әкеліп тұрмын, сен енді қызды көрейін деп келе жатырсың, қызды мен де көрейін. Мен бір қотыр тай болып батпаққа батып жатайын, сен бір тазша бала болып Ақсарыбайды тоғыз ұлымен алып кел, байдың тоғыз баласы келіп тартса да, тұрмайын. Ал Алаукеш қыз келіп жалымнан тартса, ұшып тұра келейін,—дейді. Сары аттың бұл сөзін мақұл көріп, Қосай Ақсарыбайдың аулына келеді:

Тағы оқыңыз