Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қасым Сұлтанның анасы—Қандан

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Үзіліссіз соғыс елді әбден титықтатып, ығыр еткен соң Абылай аз уақыт болса да дамылдау мақсатымен Қалден Серенге елші жұмсайды. Оған басшы болып Ескелді барады. Барған бетінде қалмақтың ханы:

—Сөйле!—дейді.

—Мен сөйлесем, бұрынғының адамдары айтушы еді: қазақ, қалмақ туысқан деп. Оны айғақтайтын ұқсастығымыз да көп. Ал арамызда ала ауыздық, араздық бола қалса:

«Даудың түбін қыз бекітеді,
Судың түбін шым бекітеді.
Жаудың түбін тіл бекітеді»,—

деп жататын. Келіссеңіздер, сүйек жаңғыртып, не қыз беріп, не қыз алып, татуласып тынайық,—дейді Ескелді.

Сонда Қалден Серен:

—Тыңдауға сөзі жайлы, жүрек тебірентерліктей дана екен. Қыз берсек, осының өзіне берелік!—депті. Бұл сөзді ести сала Ескелді:

—Салтты санасыз бұзар. Ел ағасынан бұрын інісі жол алмас болар. Абылай еліміздің айбыны да, ағасы да, тақсыр! Жол алдымен сондағы қыздың есімі—Қандан екен дейді. Қасым сұлтан сол кісіден туған деседі айтушылар.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз