Шортанбай мен Шөже айтысы
Шортанбай Қанайұлы, Шөже Қаржаубайұлы · 1 мин оқу
Шортанбай:
Әй, Шөже, ғибрат қып сөз айтайық,
Бос мақтан, фәни сөзін аз айтайық.
«Сен жеңдің, мен жеңдімнен» – еш пайда жок,
Тілейік мұсылманның амандығын,
Халыққа ой түсетін наз айтайық.
Шөже:
Шортеке, ел сыйлаған пірім едің,
Сенімен айтысуға тұрып едім.
Басқадай қу соқыр деп кемсітпедің,
Басқа ақын тап өзіңдей ірі ме еді?
Осымен мен сөзімді тоқтатайын,
Алланың сөзін айтып, ғаділет жол,
Алды-артты бірдей орап, жібермедің.