Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Орынбай мен Қожабек айтысы

Жұмбақ айтыс · Орынбай Бертағыұлы, Қожабек · 2 мин оқу

Қожабек:
Биік құмның басына бітер жуа,
Бәйбіше атын шығарған жақсы тума.
Тілі аузына сыймаған ақын болсаң,
Он екі айда келеді неше жұма?

Орынбай:
Екі шешен қосылса аттай желер,
Көп жаңалық шешеннің сөзін бөлер.
Алла тағала демесе, асылық болар,
Он екі айда қырық сегіз жұма болар.

Қожабек:
Бес уақыт бес намаз, бесін намаз,
Қожалардың қолында ала қағаз.
Қанат қаққан әуеде неше құс бар,
Соны табар ма екенсің, міне, сабаз?

Орынбай:
Қара құстар, ақ құстар, құстар-құстар,
Алтайыға шұға менен мәуіті тыстар.
Сен білмесең, бейақыл мен айтайын,
Әуеде ұшып жүрген мың сан құс бар.

Қожабек:
Бейақыл, он екі ала, сегіз бала,
Ұяң құс, ілік-ілік жұмыртқа ала.
Жұмбағым таба алмасаң, ақын бала,
Сұм бала, көп пе саған, бермен қара.

Орынбай:
Он екі ала дегенің – он екі ай-ды,
Сегіз бала дегенің – сегіз жұма.
Ілге-ілге дегенің ұшпа бұлт,
Қос жұмыртқа дегенің – Күн мен Ай-ды.

Қожабек:
Орынбай, оныменен жеңесің кім,
Адамзат оны білер заманы сұм.
Теңдесіп қан алады-ай қадалғаннан,
Күніне шаршамайды болса да мың?

Орынбай:
Қожабек, сені көріп болдым ынтық,
Жаманның сөзі жаман, өзі сылтық.
Дәрідей кім дегенің мен айтайын,
Теңдесін қан алған оқ, жеткен мылтық.

Қожабек:
Орынбай, өзің ақын, сөзің тәтті,
Сіздердей көргенім жоқ адамзатты.
Келгенше жетпіс беске өлең айтып,
Намаз жоқ, ойламайсыз ақыретті.

Орынбай:
Құдайым айырмасын жоралардан,
Мал кетсе, сыз қалмайды қоралардан.
Бұрынырақ бейіш жайға барсам керек,
Шылымқор осы күнгі молдалардан.

Қожабек:
Баймын деп налымағайсың жеріңізге,
Мақтанба күштімін деп піріңізге.
Кетерсің мүрдем өліп, Орынбайым,
Біздердей тіл тигізсең піріңізге.

Орынбай:
Пір десем, кереметің көрінбейді,
Айналдыра бересің Орынбайды.
Көп жұлдыздың ішінде айдай болып,
Орынбай еш нәрседен қорынбайды.

Қожабек:
Көп жұлдызым дегенің мұрттарыңыз,
Біз десе құрбан болған жұрттарыңыз.
Тауап қылып біздерге сыйынбасаң,
Хақ болыпты дін исламнан шыққаныңыз.

Орынбай:
Қожабек, ақ тайлақтай ойнақтайсың,
Әр шоқтың басына кеп қонақтайсың.
Дін емес, ұйқы болып іздегенің,
Кәрілікпен сахар тұрып, бұлғақтайсың.

Қожабек:
Аулында Құсмұрынның он жыл жаттың,
Көшкенде соқаң менен тырмаңды арттың.
Бес нанын бір мұжықтың ұрлап алып,
Айыбына шабдар жорға байтал арттың.
Ақынсынып осы жерде сөз айтасың,
Бар ма еді көрмегенің сен бейбақтың?

Жұмбақ айтыс

Барлығы: 7 айтыс

Тағы оқыңыз