Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлмамбет пен Жамбыл айтысы (4-бөлім)

Құлмамбет, Жамбыл Жабаев · 2 мин оқу

Ырғайты, шеті жатыр Ақтеректе,
Арғымақ мінгізеді ат керекке.
Түгендеп, бір жұмада бола алмайды,
Көсілтіп, қамшы басып Көксерекке.

Өзінде 83 мың жылқысы бар,
Асыл тұқым жинаған әр түлік мал.
Зар емес еш нәрсеге балалары,
Жегені – шекер мен бал, жая мен жал.
Тоқсан екі жылқышы аралайды,
Оларға тіл тигізген жарамайды.
Қанша халық аралап жүрсем-дағы,
Жалғанда көргенім жоқ ондай байды.

Мына шетін айтайын:
Қозыбасы, Қордай-ды.
Оған тіл тигізген оңбайды.
Қасиеті сонша мол,
Егіз де екі болмайды.
Жүгі қалып жұртында,
Керегесін көк ішінде қомдайды.

...Аузы асқа жарымай,
Сөйтіп, Құдай жондайды.
Көсегесі көгеріп,
Көгал жерге қонбайды.
Бұл сөзді мұнда тастайын,
Сабыр қылып саспайын.
Теріскей тұрсын жайына,
Күнгей жақтан бастайын.
Ол күнгейді жерлеген,
Желмая мініп желменен,
Түрікпеннен Түктіқұрт,
Сол кісіден тараған.
Байтелі, Қамен, Дәулет-ті,
Жәпекпенен төртеуі –
Бәрі бір-ақ әулет-ті.
Үш мың бес жүз жылқы айдап,
Түзеген кәсіп, сәулетті.
Асықпай тыңда, Құлмамбет,
Берейін кезек нәубетті.
Онан бері асайын,
Теріскейге қадам басайын.
Жоғары шеті – Мырзабек,
Бар еді өңшең қаракөк.
Арғы атасы Қашке хан болған,
Қылған ісі Құлпейіске таң болған.
Аруақты бек болып,
Ауданымен көп болып,
Сондай-сондай жан болған.
Төменгі шетін айтайын,
Әлі менен Нұрабай,
Хан Қашке тұқымы.
Атасы жауға аттанып,
Ат құйрығын бұлады.
Онан былай өтейін,
Көзіңді сенің көр қылып,
Көлденеңдеп кетейін.
Ертерек жүріп ентелеп,
Серектасқа жетейін.
Серектасты жерлеген,
Байлығы тасып көлдеген,
Қилыбайұлы Қожманбет,
Көк берендей түтеген.
Көкірегіне Құдайым,
Тоқымдай нұрды бітеген.
Айға білеп азуын,
Әр шыңға қолын сілтеген.
Көтерілсе талайым,
Түстік жерге тоқтамай,
Өтеген, Қазыбекке барайын.
Сол жерде жатқан Өтен деп,
Атамыз қылған мекен деп,
Ыбырайымның алты ұлы –
Патшадайын өңленген.
Ең үлкені – Нұрқожа,
Онан кейін Айқожа,
Онан кейін Байқожа,
Райыс, Допас тағы бар,
Алланың берген бағы бар.
Ең кенжесі Аспар-ды,
Бұл Жамбыл көк қабандай қасқарды.
Шын пәлекет басталды,
Таз Құлмамбет, сен болсаң,
Көлемін көктің бөктеріп,
Тіресең, таста аспанды!

Құлмамбет:
Жамбыл, отқа салар майың жоқ па,
Құдайға айтып сояр малың жоқ па?
Есқожаға сүйенген жазған екен,
Саларға өз еліңде байың жоқ па?

Шүу десең, Шапырашты, шабаның жоқ,
Бәрің жүйрік гулесең, шабаның жоқ.
Қырғызды «Қанайлаған» бөкселеген,
Саурық, Сұраншыдай заманың жоқ.

Өлеңді бір соғайын түйдегімен,
«Әжібайлап» соғайын бүйрегіңнен.
Не деп айтқалы отырсың бұл өлеңді,
Сен тұрмақ, үміткермін үйдегіңнен.

Ойбай-ай, мына к..і түртті Құдай тағала,
Ісіне құдіреттің не дүр шара?
Шапырашты басымен шалқақтайды,
Орыстың заманына не дүр шара?

Шапырашты, мақтанба к...т белгілі,
Әркім-ақ тұрған шығар беп-белгілі.
Құландыда қайырып қуға салса,
Тышқан алған көруші ек бөктергіні.
Сен маған салғалы отырсың ба көптігіңді,
Тіпті, керек қылмаймын септігіңді.
Айыл жіптен тартып кел шеттігіңді,
Ерегіссем, үземін көпшігіңді.
Салғалы отырсың ба ерлігіңді?
Ерлігіңмен саласың беклігіңді.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз