Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жамбыл мен Сарбас айтысы (3-бөлім)

Жамбыл Жабаев, Сарбас Майкөтұлы · 3 мин оқу

Шаппақ болып келеді:
– Байдабектің мен бүгін
Көп жылқысын аламын.
Батаңды бер, Домалақ,
Сенің батаңды аламын.
– Қалағаным берсеңіз,
Қуанышы сенде болсын деп,
Түп қазығы менде болсын деп,
Қол жайып, батасын береді.
– Қандай бата мұның деп,
Аққошқар кетті аттанып.
– Барасың, барасың да аласың,
Қуанышы сенде деп.
Таңға жуық болғанда,
Сан жылқыны шулатып,
Тай, құлынын тулатып,
Айдап алып жөнелді.
Домалақ тысқа шығады,
Аққошқар тағы келеді.
«Қалағаның бар ма?» деп,
Келіп, сөйлей береді.

Көп жылқының ішінде,
Тоқсан екі құлынды.
Бір сары айғыр бар еді
Енесінің шуынан –
Басқаны, тіпті, көрмеген,
Шыбыннан басқа қонбаған,
Желден басқа мінбеген,
Мойнына құрық тимеген,
Соны ғана бергін деп,
Солай жауап қылады.
Асауды қалай ұстайсың,
Жүген, құрық тимеген?

Ұстасам, ұстап алайын,
Ұстамасам, қалайын.
Құр, құр, құр, жануар!
Құтың менде жануар,
Бері келші бізге деп,
Күдеріңді үзбе деп,
Қазығың қалды менде деп,
Құрайттады Домалақ.
Айғыр сонда келеді,
Омырауын иіскеп,
Алды айғырды жүгендеп,
Айдады жылқының өзгесін,
Аққошқар батыр түгендеп.

Екі аяқты тұсады,
Тырп етпеді жануар,
Жуас малға ұсады.
Түс мезгілі болғанда,
Сегіз ұлы келді артынан,
Айғырды нағып байладың,
«Топ жылқылар қайда?» –деп,
Домалақтан сұрады.

Домалақ жайын айтыпты:
– Балалар, оған бармаңдар,
Түп қазығы бізде деп,
Таңға жуық болғанда,
Жылқың қалар мұнда кеп.
Арттан қуып барсаңдар,
Мерт боларсың, балалар,
Шылбырына оралып,
Жалына анам айтады.
Бірақ тілін алмады,
«Барамын» деп болмады,
Сегізі бірден жөнелді,
Сағаға таман келеді.
Саға судан өтеді,
Сонда қырғыз қуады.
Бұқтырма қойып жүз кісі,
Бір тасаға тығады.
Алдына аңдып түсіріп,
Сегізін ұстап алады.
Сегізін бірдей бауыздап,
Жосадай ғып салады.
Байдабек бар артынан,

Бір тобымен келеді:
– Балаларың тіл алмай,
Осы жерден жөнелді.
Балаларың мерт болды,
Қайтпайтұғын серт болды,
Барып қара өлікті,
Жалған деме мұнымды.
Байдабек те жөнеді,

Қайта оралып келеді:
Балалар тегіс өліпті...
Деп жауабын береді.
Домалақ енем бас болып,
Сүйреткі сап айғырға,
– Өлгенге енді қайғырма, –
Деп жұбатып, әл беріп,
Дереу жинап өлікті.
Бір жерге әкеп көміпті.
Домалақтай енемнің,
Қасиеті көп еді.
Таңға жуық болғанда,
Жылқы келер деп еді...
Түн ортасы болғанда,
Құрайт салды Домалақ.
Сары айғырдың даусына,
Тас жаңғырды домалап.
Таң сарғайып келгенде,
Қалың жылқы шұрқырап,
Келеді шаңы бұрқырап.
Көшіп ауыл жөнелді,
Сегіз күндей көшеді,
Күні-түні тыным жоқ
Тыным қылған күні жоқ.
Кіші жүз бен Орта жүз,
Маңайына қонды кеп.
Домалақ сонда толғатты,
Сырық, бақан орнатты.
Бебеулетіп ананы
Бала келді дүниеге.
Қуанды ана масайрап,
Қолына алып баланы,

Бар денесін қарады:
Еркек бала туыпты.
Бірақ басы жаралы –
Ана болды назалы.
Сары бәйбіше қылғанын,
Сонда ақылмен табады.
Кіші жүз бен Орта жүз,
Байдабекті көшіріп,
Аламыз деп ауылға,
Ат терлетіп келеді.
Кіші жүзде көпке аян,
Бір оташы бар еді.
Кейде еміп, кейде ембей,
Талып жатқан баланы,
Оташы кеп көреді.
Суық қолдың орны деп,
Көзінше айтып береді.
Жарық жерін басының,
Ойып алып оташы,
Тасбақаның сүйегін,
Жамап, соған егеді.
Бала оңалды үш айда,
«Жарық төбе болды деп –
Жарықшақ ат» қойды көп.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз