Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлмамбет пен Жамбыл айтысы (2-бөлім)

Құлмамбет, Жамбыл Жабаев · 2 мин оқу

Есіктен кіріп келдің, тайпақ қара,
Өзің қандай, мен қандай, байқап қара!
Аузыңда сәлемің мен аманың жоқ,
Не басыңа күн туды, дүзі қара?!

А, Жамбыл, үндемейсің дертің бар ма,
Бір сапар үндемеске сертің бар ма?
Шапқанмен күнің мәлім, Шапырашты,
Менімен сынасарға к...ің бар ма?

Мен айтсам, айтам қалың байлығымды,
Дулаттан жиып жүрсің шайлығыңды.
Албан, Дулат жиылып, бата берді,
Бұзбайды жандарал да жарлығымды.
Ашулансаң, аспаныңды тастап жібер,
Сен де аянбай қимылда барлығыңды.

Албан аға болғанда, Дулат-іні,
Сөзінде Құлмамбеттің бар ма міні?
Албан, Дулат – бәрі кеп айғай салса,
Ысты, Ошақты, Шапырашты не болар көрген күні?!

Домалақтың төрт ұлы есен болса,
Барпу ішсең де қоймаспын бүгін сені.
Жөнделіп, жүйткуші ем жөнсіз жерден,
Мен жауға алдырмаушы ем елсіз жерден.

Мылтыққа түтеп тұрған қарсы шауып,
Асықсаң ажалыңа, келші бермен!
Болғанда мен ақсұңқар, сен – бір тауық,
Сен – әтеш, айғайлағыш ауық-ауық.

Болмаса, аты шыққан – Сүйінбайың,
Басқасын қою керек жылы жауып.
Ажал түртіп жүрмесін аңламастан,
Оқтаулы ақберенге қарсы шауып.

А, Жамбыл, Албан да – ағаң, Дулат та – ағаң,
Не қылса да, артық тұр менің бағам.
Қасқарау Нұрқанның жылқысын мен қаптатсам,
Қырылар, Шапыраштым, бұзау-танаң.
Мылтыққа салып қойған мен бір пестон,
Асықсаң, ажалыңа, келші, балам.

Бұлбұл қонақ бастанған Екейім- ай,
Жұлып алып басыңды кетейін бе-ай!
Не деп айтқалы отырсың бұл өлеңді,
Түбіңе таза тақыр жетейін бе-ай!

О, Жамбыл, бүгін болар ұрын тойың,
Ертеңгі күн болады дәл шын тойың.
Тобықтай тозаңынан жол таппайсың,
Бабаның мен қаптатсам қалың қойын.

Аңлашы, Албан бай ма, Дулат бай ма,
Сенің байың Шолақ бай Дулаттай ма?
Әуелі Албан салайын, Дулат жайға.
Басқа сөз жайын қоя тұрып,
Қалың жатқан келейін Майлыбайға.
Мұнан соң мен барайын Бектембайға,
Тарпаң мен Тоқсейіттей байың қайда?
Жүз мың теңге сандықта шіріп жатыр,
Баласы Ниязбектің Сәрсенбайда.
Дәметкен сары майдан кеудең қайда,
Жамбылым, енді келдің ұрар сайға.
Ойың бар айтыспаққа меніменен,
Түбінде кімге зиян, кімге пайда?!

Баласы Өтегеннің Нұрақан бай,
Хан Шойбек Қараүңгірде жатыр былай.
Кебекбай, Қарабаймен алыс жатыр,
Сатыбалды, Қанайды қайтесің-ай!

Және бар Тілеуқабыл, Үсенбайым,
Сөйлейді шаршы топта бұлбұлдайын.
Алма тартқан кісіге ат береді,
А, Жамбыл, білуші ме ең мұның жайын?

Тағы бар Жайылмыста молда Сәтім,
Бақ пен қызыр іздеп кеп жалғасатын.
Әулеті Сегізбектің серке болды,
Салмағы қорғасындай қол басатын.

Бай болған Ормақайға қызыр дарып,
Ысмайыл келген еді қажы барып.
Солардың үлгі көрген ұрпағы еді,
Соғайын ер Мәңкені ауызға алып.
Алпысбай, Мәлібекпен тағы да бар,
Қалай айтсам сыйғандай шағы да бар.
Ыдырыс, Құстоты мен ер Шұманақ,
Кеңпейіл, кетпес дәулет бағы да бар.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз