Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлмамбет пен Жамбыл айтысы (1-бөлім)

Құлмамбет, Жамбыл Жабаев · 2 мин оқу

Құлмамбет:
Құлмамбет – менің атым, Құланаян,
Менің Құлан екенім Тәңірге аян.
Албан, Дулат жиылып, бата берсе,
Кеңес айтып, жырлайын етіп баян.

Құланаян Құлмамбет – менің атым,
Сайрайды кеудемдегі жазған хатым.
Албан, Дулат жиылып, бата берді,
Құлақ салып, ұға бер, жамағатым.

Руым – Құланаян, мен – Құлмамбет,
Сөйлесем, көңілімнен тарқайды дерт.
Әрі-бері бұ жазған зуылдасын,
Сөзімді ұға бергін, отырған жұрт.

Қара күңнің баласы Ысты бақыр,
Кім өлсе, соған түсер заман ақыр.
Жамбыл деген бар дейді бір немесі,
Ақын болса, ол неме, қайда жатыр?

Сол немең қай жақта отыр, бермен шақыр!
Әлінің, Сейітбаттал соғысындай,
Не болса да, боп қалсын ақыр-тақыр.
Айтыспай, бүгінгі күн кеткенімен,
Шаужайдан ертеңгі күн алады ақыр.

Жамбыл деп осы арада жан мақтайды,
Еркек қойдай құйрығын салмақтайды.
Көрерміз әуселесін аздан кейін,
Болар болмас немесін ардақтайды.

Құдайберген, кісі жібер Жамбылыңа,
Жамбылды болмады ма алдыруға?
Жамбыл деп осы арада ел мақтайды,
Сол неме жарар ма екен пар қылуға?

Албан, Дулат тобында мен бір жорға,
Менімен жарар ма екен шалдыруға?
Тең жорға төрт аяғым бірдей шалыс,
Менімен болар ма екен салдыруға?
Топтан озған о-дағы жүйрік болса,
Кешікпей, шапшаңырақ шақыр мұнда!

Жамбылды Құдайберген алып келді,
Жиылған халайықтың бәрі көрді.
Жамбылды ол Құлмамбет көргеннен соң,
Жамбылға сүйкенісіп, сөйледі енді.

Сондағы Құлмамбеттің сөзі мынау,
Арам тер талай ақын болды бұлау.
Жамбылға сонда тұрып былай деді,
Басқасы болмаған соң аяққа ылау.

Болғанда жол ағадан, тон – жағадан,
Арлан бөрі соғады тау сағадан.
Бас қосып, бағландармен қалмақ үшін,
Ізденіп, келіп тұрмын Қарқарадан.

Аузыңда сәлемің мен аманың жоқ,
Үлгісіз көргенім жоқ сендей надан.
Жүрмегін омақаса орға түсіп,
Өмірі кішілікке баспай қадам.
Өлеңші иттен де көп, боқтан да көп,
Әйтеуір, айтады ғой бірдеме деп.
Қайтқан құстай жиналып қалған екен,
Біразырақ сөйлесін Құлмамбет кеп.

Өлеңші өршеленген толып отыр,
Бірі көшіп, біреуі қонып отыр.
Мысалы дүниенің сол секілді,
Бәрі де көрмегендей болып отыр.

Өлеңші толып отыр көбелектей,
Тоғыз ақын толғанып төңеректей.
Тоғыз тұрмақ, ақының он бір болса,
Немене, бәріңді де басып өтпей.
Қамалып, қам теріге бүрмеленбе,
Қысты күн қар астында қалған шөптей.
Менімен жеңемін деп, желікпей-ақ,
Қойыңдар, абыройды шашпай-төкпей.

Апырма-ай, Құлмамбеттің келді кезі,
Қалай теріс болады айтқан сөзі.
Албан, Дулат бәрі кеп, атқа мінсе,
Ысты, Ошақты, Шапырашты дегенің немене өзі?!

Шапырашты дегеннің некесі жоқ,
Бай болады диқаншы шекесі тоқ.
Албан, Дулат бәрі кеп, атқа мінсе,
Дегенің үш таңбалы керегі жоқ.

Шапырашты, сөйлесең, жаманың жоқ,
Шүу десең, бәрің жүйрік, шабаның жоқ.
«Қанайлаған» қырғызды бөкселеген,
Баяғыдай гулеген заманың жоқ.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз