Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жамбыл мен Сарбас айтысы (5-бөлім)

Жамбыл Жабаев, Сарбас Майкөтұлы · 4 мин оқу

Шап деген екен Кәрімді,
Досына енді болысып.
Сені шауып алар деп,
Хабар айтқан оған кеп.
Түнделетіп сол Кәрім,
Үш күн, үш түн жосылып,
Көше берген төмендеп,
Ақтоғайға құдиды,
Тілеуқабыл, Майемер.
Іле бойын жағалап,
Бір түбекке тығылды.
Қоқан қолы қоқаңдап,
Сала берді дығырды.
Қыз бен жігіт тізіліп,
Су шетіне жығылды.
Жаудан ұшып зәресі,
Суға кетер сорылар,
Берді құмға денені.
Қыз, келіншек дегенді,
Мінгестіріп түйеге,
Жаулап алып жөнелді.
Мал-мүлікке таланған,
Қоқан қолы кенелді.
Сонда к.. ашылды,
Мал мен мүлкің шашылды.
Жауға біткен асыл ер,
Найзасын тасқа таянды.
Қасқарауда Кәрібоз,

Сұраншыға барады:
– Сенен қайрат болмаса,
Тағы да жау шабады.
Біздің Дулат көп жылап,
Сенен басқа пана жоқ,
Баруыңды тұр сұрап.
Батыр деген Сыпатай,
Жалғыз басын жүр ұрлап.
Сенен қайрат болмаса,
Ел намысын, ел кегін,
Жоқтар кісі болмады.
Шағатайдай халықты,
Жібермеді Тойшыбек,
Ойлағаны оның тек –
Өз қамы ғой, оңбады...
Жауды көрсе, қуанған,
Тұлпар мініп, ту алған.
Дұшпанды жерді көргенде,
Миықтан күліп, қуанған.
Сұраншыдай батырға,
Қасқарауда Кәрібоз,
Бәуке келіп жылаған...
«Жүр батыр» деп сұраған.
Жаулы жерде бақ берген,
Дұшпанға жетер жақ берген,
Таңдайына сөз берген,
От ұшқынды көз берген,
Құтылар ма сенен жау,
Қан майданда кез келген
Қатын, бала кетті деп,
Жарамдысын алды деп,
Сенен қайрат болмаса –
Бердік жауға арды деп,
Айтқан сырын оңаша.
Көп Дулаттың баласы,
Көп болғанмен, күші жоқ,
Қарсы келер кісі жоқ.
Көп Дулаттың ежелден,
Шабылған елде ісі жоқ.
Сенен қайрат болмаса,
Дулаттың өңі, түсі жоқ.

Құлағың сал сөзіме:
Баққа біткен батырсың,
Қырылып біз жатқанда,
Қайтіп шыдап жатырсың?
Найзаңды тастан өткізген,
Артық туған ұл едің;
Сенен қайрат болмаса,
Ажалымыз жетті деп,
Қыз, келіншек, қыруар мал,
Жау қолында кетті деп,
Сенен рақым сұраймын,
Айтпай, қалай шыдаймын?
Қалың Дулат дегенмен,
Жауды көрсе, жасыған.
Бақыт берген жігіт ең,
Даңқың шыққан жасыңнан.
Қырық мың қолға қаймықпай,
Қарсы шығар ешкім жоқ,
Атыңа мін, батырым,
Жәрдем берер бір Құдай.

Қырық мың қолға қарасаң:
Іледен бері қаптаған,
Жас әйелді таптаған,
Қарсы келер кісі жоқ,
Ел қалмады шаппаған.
Желісін қиып, жылқы алды,
Ойран қылып, мүлік алды,
Сенен басқа бұл жерде,
Жауға шабар кім қалды?!

Қалың Дулат белгілі,
Ерлігінен саны көп,
Жауға шабар жаны жоқ,
Жаудан қорқып, жосыды.
Аңырақайда тағы боп,
Жылап, шулап біздің ел,
Деді саған хабар бер!
Мұны естіген батырдың,
Түгі шықты сыртына.
Жаудың көріп қырғанын,
Жаны ашыды жұртына.
Қол ұстасып келгенде,
Қалың қазақ өз елім,
Ел намысын қорғамау –
Ер жігітке өзі өлім!

Ашуы кеп батырдың,
Даусы шығып, ақырды,
Жолдастарын шақырды.
Қасына үш жүз қол ертіп,
Ақтұяққа мінеді,
Он мың қолға тиеді.
Үш күн, үш түн соғысып,
Жауды шөптей жапырды.
Қырып-жойып қалғанын,
Ел шетінен қашырды.
Жау шапқанда өз елін,
Жымиып қашқан қояндай,
Дулаттың батыр дегенін,
Сол уақытта сақтаған,
Сұраншы біздің ер еді.
Кәне, осындай ерді айтпай,
Жатқа намыс бермеген.
Құр созасың өңешті,
Байларын айтып еліңнің,
Қолынан боқ келмеген,
Дулат деген ел екен,
Жадағай, жайдақ дер екен.
Шапырашты ел екен,
Батыр туған дер екен!
Ерегіскен дұшпанды,
Найзаменен шанышқан.
Күні-түні тынбаған,
Дұшпаннан сағы сынбаған.
Шын ашуы келгенде,
Мұрты кетер түксиіп,
Тақиясын шашы көтерген,
Намысыңды әперген.
Жауды көрсе, тап берген.
Маңдайыңа бақ берген,
Шешен қылып, жақ берген.
Өзіне еркін шақ берген,
Қырық жасқа келгенше,
Сөзін жаман демеген.
Ешбір төре еріксіз,
Шеніне оның келмеген.
Ерлік пенен намысқа,
Ат сауырын бермеген!
Жандаралдың алдында,
Қаймықпай, сөзін жөндеген.
Төре, қара жиылып,
Құм төбедей үйіліп,
Ешбір адам болмады,
Сұраншы білсін демеген!
Қайрап қойған ақ болат,
Сермегенде жау кесер,
Жаудан асып, тау кесер.
Тастан өтер қылышы,
Қырық тоғызға келгенше,
Ерлігі оның өрлеген.
IV
Есқожа деген елімнен,
Ерлер шыққан еңіреген.
Кім жүрген менің шеніме?!
Саурық та – менің батырым,
Он жеті жасқа келгенде,
Аттың қонды беліне,
Белгілі болды еліне.
Жетісуда қазақтың –
Көрген күні кем еді.
Жан-жағынан күнде жау,
Елге тыныштық бермеді.
Бір жағынан – қалмақтың
Ұрылары талады.
Бір жағынан – қырғыздың
Орман ханы ойқастап,
Күнде мазаны алады.
Үшінші жақтан – Қоқанның
Бегілер бегі қоқаңдап,
Әскерімен топырлап,
Ауыр салмақ салады.
Күнде тонау, шабыстан,
Ел титығы құрыды.
Мал мен жаннан түңілді,
Жер мен судан қуылды.
Ел басына күн туды,
Қатын-бала, жас-кәрі,
Беті жаспен жуылды.
Міне, сондай заманда,
Екіталай күн туып,

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз