Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бұдабай мен Қарлығаш айтысы (2-бөлім)

Бұдабай Қабылұлы, Қарлығаш · 2 мин оқу

Бұдабай:
Жел соғар Боралбайдың тесігінен,
Кетпейді жарлы байдың есігінен.
Қыпшақтың малы түгіл басы кетті
Сайқалдың сендей-сендей кесірінен..

Қарлығаш Бұдабайдан әр түрлі сыр тартады. Бұл тұрғыда Қыпшақ елінің белгілі адамдары жайлы сұрайды:

Қарлығаш:
Жамандар қалдырады жаман атқа,
Жақсылар жазылады қағаз хатқа.
Қыпшақта неше жүйрік бар деуші еді,
Солардан қандай екен Досбол датқа?

Бұдабай:
Досбол датқа елінде жұрттан асқан,
Қайраты ішке сыймай, сыртқа тасқан.
Алдына бұл жалғанда жан салмаған,
Не қиын іс түйінін өзі тапқан.

Қарлығаш:
Ауылым Бәсібектің шартағында,
«Сасықкөл» жылқым жатыр алқабында.
Таздардың бір қызымен айтысыпсың,
Біздерден қандай екен, байқадың ба?

Бұдабай:
Халықты басқарады кемеңгері,
Байлардың толып жатыр дөнендері.
Аққұба бидай өңді бір қыз екен,
Қарлығаш, тәуірірек сенен гөрі.

Қарлығаш:
Дегенде өзіңбісің, Бұдабайым,
Басында жаулығы жоқ құдағайым?
Сен өзің еркекпін деп, көп есірме,
Бір күні алып кетер «тәжік байың»!

Бұдабай:
Көрінер «Сарытораңғыл» Керделіден,
Қыпшақтың аң құтылмас мергенінен.
Бәрінен бұрын айтшы, Қарлығашжан,
Не қалды бұрын сенен көргенімнен?

Қарлығаш:
Көзінде керегенің жез оймағым,
Бұдабай, мен қойсам да, сен қоймадың.
Көріндей әкесінің кеулеп жатыр,
Білмеймін несі қалып, не қойғанын?

Бұдабай:
Қарлығаш, бір сөз айтсам, қасарасың,
Көзіңе долылықпен жас аласың.
Кісіні жарап жүрген қатын дейсің,
Адамдай ұстап көрген қасабасын.

Қарлығаштың бұл айтқаны Бұдабайға таққан өсегі еді. Сенің бармаған жерің жоқ, сенен өзбек, тәжік қалмаған деген сөздері еді. Екі ақын бірін-бірі жеңе алмай, бір-біріне тағатын айып іздейді. Қарлығаштың денесі жуандап қалған екен, соны Бұдабайдың айыпқа айналдырып айтқаны:

Бұдабай:
Қарлығаш, жуандығың – күбі дейді,
Мойныңа мініңді алсаң, кім үндейді?
Нанбасаң, қасыңдағы шешең айтсын,
Өз айыбың өзіңе білінбейді.

Қарлығаш:
Ат мініп, торы төбел желесің ғой,
Бұдеке, оттайын деп келесің ғой.
Несіне көрмегендей мақтанасың,
Жуантық, теке сақал немесің ғой.

Бұдабай:
Болғанда тауда балық, таста балық,
Өлеңді айтқаннан соң тастамалық.
Болғанын жігіт жуан толық дейді,
Болғаны қыздың жуан – масқаралық!

Қарлығаш:
Бұдеке, сен туғанда, туамын ба?
Артыңнан қара өлеңмен қуамын ба?
Бұдеке, Құдайыңа қарап айтшы,
Артықша мен сондай-ақ жуанмын ба?..

Бұдеке, білемісің қалған кепті,
Көп тарттың менің үшін қайғы-дертті.
Аққұба, бидай өңді бір қыз дейсің,
Ол қыздың бізден қалай бой-келбеті?

Бұдабай:
Қарлығаш, білесің ғой қалған кепті,
Көп тарттың менің үшін қайғы-дертті.
Аққұба, бидай өңді бір қыз екен,
Антұрған, сендей емес керсен көтті.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз