Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақтөре мен Жәмел айтысы

Ақтөре, Жәмел Аймырзаұлы · 3 мин оқу

Ақтөре:
Хат жаздым, Жәмел-Жүніс арнап саған,
Сексенге жақындаған мен бір ағаң.
Жас жетіп күнім өтіп кеткеннен соң,
Кеміді бұрынғыдай пікір санам.
Азырақ білдірейін хал жайымды,
Ағаңыз осы күнде сөзге сараң.

Дүниеге азғантай күн мен бір қонақ,
Адам жоқ осы күнде менен олақ.
Адайдың бәйгі күрең көк мойыны,
Айрылып құйрық-жалдан болған шолақ.

Санаймын батқан күн мен атқан таңды,
Кеудеден шықпаған соң бір шыбын жан.
Жерімді туып өскен сағынамын,
Қайтейін жібермей жүр ырызық-дәм.

Жолдасым қасымдағы Жүніс еді,
Кісіге бірге жүрген тыныс еді.
Қайтейін жамандығын көргенім жоқ,
Кейінгі жас баламыз дұрыс еді.

Сіздерге жазған осы нұсқаларым,
Ағыттым сырларымның қысқы жағын.
Ақылы ағаңыздың осы күнде,
Жүзіндей ауытқиды ұстараның.

Көп ойлап туып өскен елді-жерді,
Толтырдым амалым жоқ ішкі шерді.
Азырақ көңілдегі мұңын шағып,
Ағаңыз сіздерге осы сыр жіберді.

Жәмел:
Уа, Ақа, біз оқыдық хатыңды алып,
Ел жақсы біледі ғой атыңды анық.
Ойласаң өткен күнде белгі бар ма,
Сексенге жақындаған жасың барып.

Айдаған алыс жерден ырызық-несіп,
Кім болжар алдағыны болмақ нешік.
Амал не, келе алмадың кері айналып,
Ел іші дейтұғын ед алтын бесік.

Туған жер кеткені ме шығып естен,
Кір жуып көлемінде кіндік кескен.
Өлеңті жер жұмағы жайлауың ед,
Ежелгі ата-бабаң өніп өскен.

Қараоба көрінуші еді асқар таудай,
Кісіге уайым бар ма дені сауда-ай.
Біле ме ел қадірін, жер қадірін,
Әркім де іргесінен қоныс аумай.
Күнделік көрген жайлы қызығыңыз,
Теңеле ме туған жерге біреуі де.
Жел үрген туған жердің шаңдағы да,
Жігіттің сақталмай ма жүрегінде...

Ақтөре:
Хат жаздым Жәмел-Жүніс, сағынып-ай,
Ит көңіл ашылмайды жабығып-ай.
Жас жетіп заман тайып кеткеннен соң
Ағаң жүр жорғасынан жаңылып-ай.
Өкініп өткен күндер еске түссе
Сарғайып кеміп кеткен аурудай.
Ат-мініп, тізгін түйіп жүрген кезде
Халықтың біле алмадық қадірін-ай.
Қызығы бұл дүниенің өтіп кетті-ау,
Өткінші Сүмбіленің жауынындай.
Зауалы бұл пәнидың жылдам екен,
Мизамның қыран қаққан қауынындай.
Таң атса тамақ іздеп жүгіреміз,
Жайылған қараша үйдің жазығында-ай.
Ырызық алыс жерден жазылғасын,
Кідіріп қайта алмадым ауылыма-ай.
Бұл күнде шетте жүрген біз бір ғарып,
Адам жоқ наз айтатын шағынып-ай,
Кір жуып, кіндік кескен қайран қоныс,
Көз қиып кеттік екен нағылып-ай.
Көңілім әр тарапқа талпынады,
Ажалдың тек тілеймін сабырын-ай.

Жәмел:
Хат жаздың тағы да, Ақа, мұңданып-ай,
Дәуренді өткен-кеткен сынға алып-ай.
Бой беріп ағымына көңілі еріп,
Сөзіңді құлақ түре тыңдадық-ай.
Ат мініп, тізгін түйіп жүрген күнің,
Көңілдің ағытыпты сырларын-ай.
Кеткенсін қырдан асып, қия басып,
Қонысты өлеңменен жырладың-ай.
Қашаннан бір дағдылы бұл да әдет,
Жүйріктен келе жатқан із қалып-ай.
Тегінде тегеурінді туған тұлпар,
Соқпай ма туған жерге бір барып-ай.

Елді айтса көңілің қатты бұзылады,
Қиялың әр тарапқа қыдырады.
Талпынып тәуекелге мінбегенсін,
Терең ой тұңғиыққа зымырады.
Байқаусыз айлар-жылдар өте беред,
Бар ғой деп алдымызда ғұмыр әлі.
Сол ойдың қараңғылық шырмауынан,
Ау, Ақа, құтылмадың шығып әлі.
Оқ тиген кеудесіне ор киіктей,
Арманда бір күн көзің жұмылады.

Тарқай ма жырламаса көңіл назы,
Келе ме толғанбаса өлең сазы.
Қайрылып туған жерге бір соғар деп,
Ойлаған інілердің сынды сағы.
Ер жігіт етпеуші ме ед елді арман,
Отырмыз кетпе ұмытып бұны тағы.
Ал, Ақа, есте болсын осы жағы.
Тап бізге үйлесімсіз осыларың –
Қыр асып, қия басып жүргеніңіз
Ұмытып туған жердің топырағын.

Ырызық айдамайды елден неге,
Топырақ бұйырмайды жерден неге?
Кемшілік тұрмысыңа келмес еді,
Оралып елге қайтып келгенде де.
Өзіңдей күнелтіп жүр елдегі де,
Тар емес қонысы да, жерлері де.
Ағайын құшақ жайып қарсы алар ед,
Қуанып елге қайтып келгеніңе.

Таусылмайды, айта берсем қалам желед,
Оралып әр тарапты қиял кезед.
Ұзартпай осыменен аяқтайын,
Келгенше қайта айналып сізден дерек.
1928 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз