Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сараң молдаға айтқаны

Төле би · 1 мин оқу

Ташкенттің Шыршық жағындағы қыстақта бір бай молда тұрады екен. Ол елге жағымсыз, тілемсек, өзі сараң және қарынды болыпты. Сол мінезі үшін ол бірер кездескеде Төле биден сөз естіп ықтап жүреді екен. Төле би түйесін бағып жүрген жігітін бір жақка жұмсап, түйесін өзі қайырып келе жатса, алдынан есек мінген баяғы сараң молда кездесе кетіпті. Ол Төле бидің түйеге мініп, түйесін өзі қайтарып жүргенін мазақ еткісі келеді:

– Ау, биеке, түйені өзіңіз бағып жүргеніңіз қалай, түйешіңіз жоқ па еді?

– Өз малый өзі баққан ар-намыс болып па!

Төле бидің ел қамын ойлап, күн-түн ұйқыдан безіп, жүдеңкіреп жүрген кезі болса керек. Әлгі молда тағы да кекете сөйлепті:

– Өзіңіз әбден арықтап, тұралап бітіпсіз ғой.

Сонда Төле би оған:

– Өлеңді жерде өгіз семіреді,

Өлімді жерде молда семіреді, –

деген, менің не үшін азып жүргенімді сендей ақымақ қайдан білсін, – деп жөніне жүре беріпті.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз