Жау ойранынан кейінгі нәресте дауы
Төле би · 1 мин оқу
Жаугершілік ойраны тынышталған бір күндері ел-жұрт малын, бала-шағасын іздестіре бастайды. Жұртта қалып кеткен бір кемпір екі-үш айлық нәрестені тауып алып бауырына басып, көш ізімен жүре береді. Бәрі бір ауылға келіп жетеді. Жап-жалаңаш бөбекті ешқайсысына бермейді. Екеуін ертіп биге келеді.
Төле кемпір құшағында шырқырап жылап жатқан баланы әуелі аққұбаша келіншекке береді. Ол нәрестенің бетінен сүйіп, арқасынан қағады. Бірақ бала жылағанын қоймайды. Енді би баланы қара торы келіншекке ұстататады. Бұл келіншек нәрестені бауырына басып, құйрығын шөпілдетіп сүйген кезде бала жылағанын бірден қояды.
– Бауырыңның жылуы кетпесін, – дейді би сонда қара торы келіншекке.
Жорықтан оралған жігіт Төле үйіне келіп, жол үстінде көрген-білгенін әңгімелеп отырады.
– Ауыл іргесіне жақындай бергенде екі-үш жасар баласын мойнына мінгізіп, бір арқа шеңгелді арқалап келе жатқан әйелді кездестірдім. Тікенек үстінде отырған баланы ерге отырғызып, алдыма алайын десем, шешесінің мойнынан айрылмай қойды.
Сонда Төле би:
– Кірпікшешен баласын арқалап жүріп өсіреді емес пе?
– Бұл не дегеніңіз, биеке?
– Ананың тікенектей арқасы балаға мамықтай жұмсақ тиеді, – дейді Төле.