Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Байдың ұрдажық баласы туралы билігі

Төле би · 1 мин оқу

Сыйқым елінде бір байдың үлкен баласы ұрдажық даңғазалау екен. Көрші ауылдың өзі сұлу, ақылды қызын алмақ болады. Тәрбиелі қыз оның ниетіне қарсылық жасап, өзін аулақ ұстап жүреді. Бір жолы оңашада қызды ұстап алып, мойнына қыл шылбырды салып буындырмақ болады. «Шылбырыңды тарт әрі, мойнымның қытығы бар» депті сонда қыз өжеттеніп.

Осы оқиға ауылға тарап кетеді. Жігіт әкесі намысқа тырысып Төлеге келеді. Бай қызының қалай болған күнде де баласының тұзағына түсетінін айтады.

– Қыз тілімен түйілген түйінді, балаң тісімен шеше алмайды, – депті сонда шешен.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз