Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Төле бидің келін таңдауы

Төле би · 1 мин оқу

Өзі ақын жанды Төле би ақын, жыраулар мен әнші, күйшілерді жақтай да жанай жүрген. Қай елде талантты ақын, өнерпаз бар деп естісе, оған арнайы ат жіберіп алдырыпты. Бірнеше күн олардың жырын, ән-күйін жалықпай тыңдайды. Үстіне шапан жауып, ат мінгізіп, сыйлап аттандыратын болғаны. Ол әсіресе, оңтүстік өңіріне атағы жайылған Жанкел ақынды қасынан тастамайды екен. Жанкел асқан айтыскер, хиссапаз, жүйрік жырау болумен бірге, ас» тапқыр шешен кісі еді.

Бір жылы Төле би ер жетіп, азамат болған баласына отау тігіп, үйлендірмек болады да, өзінің ойлас, пікірлес билерін шакырады. Арқадан Қаз дауысты Қазыбек, Атыраудан Әйтеке, Алатаудан Ескелді, Есей, Қаратаудан Досай, тағы сондай бірқатар билер келеді. Кімде кандай жақсы қыз бар деп ақылдасып отырғанда, Қазыбектің бір жақын ағайына өзінің қызын атап, құда болмақ ойын білдіреді. Сөйтсе, ол қыздың жайын Жанкел ақын сырттан біледі екен. Ол дереу, домбырасын шертіп-шертіп жіберіп, жырлай жөнепті:

Тобылғының түбінде торғай да бар, Бір жақсы мен бір жаман әрқайда бар.

Екі жаман қосылса күнде керіс, Екі жақсы қосылар күн қайда бар?

Мұңайтады жігітті малдың азы. Бейнет болар жігітке өмір – сауда,

Көлдің сәйкес келмесе коңыр қазы әйел, еркек әр істі дана қылар.

Іс болар ма, жаманға шарақылар. Қандай еркек ақылды болғанменен бірақ әйел өмірін ада қылар...

Жанкелдің осы өлеңінен ол қыздың қандай екенін аңғарған Төле би: – Маңдайы тайқыдан, көкірегі қайқыдан, ерні түріктен, аузы бүріктен, көзі көктен, сылтау көптен сақта Құдайым! – депті. Ол кыздың дәл Төле би айтқандай ұсқынсыз екенін көріп жүрген Қаз дауысты Қазыбек бір сөзге келместен Төле бидің көріпкел әулие екеніне тәнті болыпты да:

– Сылтауыңыз сұңқардай, қаз бен үйрек дегдардай екен. Бұл сөз осымен бітті, – депті.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз