Тары қай жерге шығады?
Төле би · 1 мин оқу
Омаш ағашын өгізіне сүйретіп иен далаға шыкқан диқан Төлеге кездесе кетеді. Биден ол тары қандай жерге егілсе мол түсімді болатынын сұрайды. Ана жерге деп би алдындағы құмдық жерді қамшы сабымен нұқып көрсетеді. Шаруа сол жерге тары тұқымын егеді. Орақ кезінде диқан мол түсімге қарық болып қалады. Қырманы тарыға үйдей боп үйіліп жатқан диқанға Төле келеді.
– Құдайдың күні көп пе, әлде менің тарым көп пе? – дейді жалғыз өгізді шаруа дәулетіне мәз болып.
– Әрине, сенің тарын көп, – депті сонда Төле.
– Тарыны осы жерге егілгенде түсімді болатынын қайдан білдіңіз?
– Тары өз жаулары: құрт-құмырысқасы, тышқаны, торғайы көп жерге жақсы шығады – депті Төле би.