Құлназардың құн дауы
Төле би · 2 мин оқу
Ошақты елінің бір батыры барымта кезінде Мамай Жәдігер аулының Құлназар деген жігітін өлтіріп, күн дауы басталады. Ақбура атасынан шыққан Бөрібай ақын сол оқиғаны былай жырлапты.
Ошақты Құлназарға құн бермексің, Тұлымды қыз бермексің, айдарлы ұл бермексің,
Алты атаң, алпыс жылқы пұл бермексің, Құлназар келіп елді ауылыңа ішім оттай күйеді баурыма.
Алты атаң, алпыс жылқы пүл бермесең Егерде пүл бермесең, қүн бермесең, бермесең – Есекем таңба басар сауырыңа.
Акынның Есекем деп отырғаны Есенбай, Есмамбет батырлар екен. Ошақты кісілері бұл сөзді құл атына қыстырмайды. Жыл артынан жыл жылжып өте беріпті. Сол құнды даулап 14 жасар Едіге атқа қоныпты. Оған жүз кісі еріпті. Олар Шу өзеніне жетіпті. Ошақты оларды қарсы алып, он кісіге бір үйден жүз кісіге он үй тігіпті. Ошақтылар Түркістаннан Төле би атасын алдыртыпты. Кіші жүз елінен басты-басты адамдарын ертіп Әйтеке би, Арқа жағынан атақты адамдарын ертіп Қаз дауысты Қазыбек би барыпты. Оларға да үй тігіліпті. Қымыз сапырылыпты, мал сойылыпты. Ас-судан кейін бәрі кешкі намазға тұрыпты. Қона жатыпты. Азанғы шай үстінде ауыл ағасы Төле би – Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның елін жау араламайды дегендей, бұл ел тыныш еді. Әзір ешкімге тиісе қойған жоқ еді. Ал ағайын алыстан ат сабылтып, тұс-тұстан кеп қалған екенсіңдер, не сөздерің бар. Айта отырындар? – деп сөз бастапты. Мамайдың бір ақыны осыдан он жыл бұрын айтқан Бөрібай ақынның елге тарап кеткен әлгі аяғын айтып салады. Осы кезде Төле би сөздің аржағын айтқызбастан отырған көшпілікке былай депті:
– Бәрі түсінікті. Сөзді соза бермей, түйініне келейік. Алты атасын аркалап жүрген кім бар? Жеті атасын жетелеп жүрген кім бар? 'Алмасың болса мойным бар, асылың болса қойным бар. Бұл даудың кесімі осы болса қайтеді, ағайын!
Аға бидің бұл шешімін бәрінен бұрын түсіне қойған Едіге бала:
– О, қадірлі ата! Білек кімдікі болса, киіз сонікі ауыз кімдікі болса, сөз соныкі. Айтылған сөз – атылған ок, ол қайтып келмейді. Жарлық өзіңізден болды, енді жабық та өзіңізден болсын депті.
Отырған игі жақсылар ата би мен бала бидің де, оған қосып аларымыз жоқ десіпті.
Ертеңіне ошақты елі алты атан бастатып, жасауымен Мамай Жәдігер ауылына бір қыз ұзатыпты. Сол қыз он жылдан бері ала көз боп жүрген екі ел арасына дәнекер болыпты, өзара достасып, қарым-қатынас жасап кетіпті