Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ел басшысы болу туралы әңгімесі

Төле би · 1 мин оқу

– Ел басшысы болу, елге жағу қиын, – депті бір әңгімесінде Төле би, – ілгеріде бір ханның дүйім жұртқа атағы шығыпты. Түс-түстан сәлем беріп келушілер жыл бойында таусылмайды екен. Сол хан бір күні той жасайды.

– Жұрт не айтар екен? – деп ол жасырын адам қойыпты. Күнде екі-үш ауылдан келіп, той ұзаққа созылады.

– Па, мынау байлығын бір көрсетті, күнде той. Тамағы май, жей алмадық, – деп жұрт жақтырмапты.

– Не деді ел? – деп хан сұраса. – Хан байлығын көрсетті. Еті семіз, тамағы майлы болып, жей алмадық деді, – дейді тыңшысы.

Хан келесі жылы сынамақ болып тағы той жасайды.

– Майды азырақ салыңдар, сойыс мал семіз болмасын, – дейді. Ел тағы келеді.

– Уай, бұл хан жас күнінде жетім боп өскен кедей еді. Бұл баяғы кембағалдығын танытты, – дейді халық берген етін арықсынып.

– Бүл әркімге бірдей жаға алмайсың деген мысал сөз. Бірақ барлық елге бірдей бола алғанға не жетсін. Бар қажыр-қайратты, ақылды соған жұмсау керек, – деп доғарыпты Төле би.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз