Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Миллер керуені дауындағы билігі

Төле би · 2 мин оқу

Әсте, «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мақал Төле би сияқты ешкімге бұра тартпай, қара қылды қақ жара әділ сөйлейтін азаматтарға бағышталса керек. Өрбір дау-шар, екі ел арасындағы бітім- келісімді шешерде Төле би бір ауыл, бір ру емес, халықаралық, мемлекеттік мүдде қамын ойлай білген ірі түлға боп саналады. Бұған Төле бидің көптеген қызметі, кесімді әділ билігі дәлел. Бір мысал: 1743 жылы Төле би Түркістан өлкесінде бас би боп тұрғанда, оған Ресей патшалығының елшісі К. Миллер келіп жолығады. Миллер осыдан 4 жыл бүрын Әулиеата мен Түркістан шаһары арасында керуенін бастап келе жатқанда жолда Қойкелді батыр жасағы кездесіп, оларды тонап кеткенін баян етеді. Бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан қоқандар қазақ даласына көз тігіп, анталап тұрғанда, Ресей патшалығымен келісімге келіп, бірлесе күш косу қажеттігін сезінген Төле би ол дауды Ресей елшісі К. Миллердің пайдасына шешуді ойлайды. Сөйтеді де, өзінің туысы Қойкелді батырды шақыртып, билік мәжілісіне салады. Бұл мәжіліске К. Миллер, Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Түркістан шаһарын билеп тұрған Сейітхан, Ташкент бегі Қоқым би, Қарақалпақ биі Сасық би, Барақ Сұлтан т. б. беделді кісілер қатысады. Қандай дау болса да, айтыс тартыссыз шешілмейтіні белгілі. Бұл жолы да солай болады. Бір билер Қойкелді батырды жақтап сөйлейді. Енді бірі Миллердің талабын орынды деп табады. Сонда Төле би ортадан мынадай кесім шығарады.

– Мен ел қамы үшін өз қолымды өзім кескелі отырмын. Қойкелді батыр бәріңнен маған жақын, жақын екен деп оны өзіме тартқам жоқ, Миллер мырза алыс, алыс екен деп көкірегінен итергем жок. Алдымен бір ауылдың емес, бүкіл халық қамын ойлайық. Жұртым-ау, мына жақтан жоңғарлар шабуылдап, мына жақтан Қоқандар қоқаңдап, ен даламызға көз тігіп отырғанда, бізге қол ұшын беретін дос керек емес пе? Осы мақсатпен біз орыс патшалығымен келісімшарт жасастық қой. Сондықтан досыңа қимасыңды бер демекші, Миллер мырзаны ырза етейік. Қойкелді батыр екі мың жылқы төлеп орыс керуенініц шығынын төлесін. Тәйірі, мал деген қолдың кірі емес пе? Азар болса, қазақтың бір байының жылқысы кетердағы. Кейін ел болып оның орнын толтырармыз.

Төле бидің осы билігіне бәрі тұрыпты. Қойкелді батыр да мойындапты.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз