Төле бидің Жаңыл ақынға айтқаны
Төле би · 1 мин оқу
Жасы тоқсан үшке келгенде Төле би баба төсек тартып жатып қалады. Өздерінің ақылгөй, батагөй қадірлі би атасын құрметтеп келіп оның көңілін сұрап қайтып жатады. Бір күні Шу, Жаңыл ақын барады.
Жан аға, сұрамаппын аманыңды-ай,
Естіп тұра алмадым хабарыңды-ай.
Жатырсың шөккен нардай енді көлбеп,
Тоздырдың қарсы жауды табаныңда-ай.
Төле би ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқартау – Қазықұрттай биік еді.
деп мұңайып көзіне жас алғанда, Төле би бір жамбасынан аунап жатып – Қарағым Жаңыл, жүрген жолың даңғыл, ақыретің адал болсын! – деп ризашылығын білдіріпті.
Сол жолы Жаңыл ақын Төле би атасының қасында көңілін аулап өлең жыр айтады. Аулына қайтарында сұрақ қояды:
Көргелі келдік сізді біз.
Жалпарынан дүниені,
Әбден басып жүрдіңіз.
Сізсіз шылбыр бермеді,
Түгел қазақ еліңіз.
Жаңыл осылай дегенде, Төле би басын көтеріп:
– Жаңыл қалқам, баласың-ау, армансыз адам болушы ма едің: арманы біреу, екеу болса, менің арманым екеу, төртеу, тайын; мен қазақ, қырғыздың бір туғандай кезінде туылып, бөліне бастаған тұсында дүниеден кетіп барамын. Осы менің алдағы күндері халқымның күні қандай болмақ деп армандап кеттім.